Қазақ күресінен жарыс өтті
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында Полиция департаменті «Динамо» дене-шынықтыру спорттық қоғамымен және БҚО дене шынықтыру басқармасымен біріге отырып, күш құрылымдары қызметкерлері арасында қазақ күресінен облыстық деңгейде жарыс ұйымдастырды.
Полиция департаментінің ұйымдастыруындағы қазақ күресі жарысына ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ТЖД, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің құрама командасы, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен ҚР ІІМ МКҚБ қатысса, сондай-ақ, Полиция департаментінің командалары бақтарын сынады. Жалпы сайысқа 66 адамнан құралған 11 команда қатысты.
Ашылу салтанатында БҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылайхан Серікұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әр түрлі салмақ дәрежесінде қатысқан спортшылар нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды бөлісті:
66 келі салмақ дәрежесінде – жүлделі 3-орынды Шекара қызметі департаменті құрама командасынан Талғат Темірхан, 2-орынды 5517 әскери бөлімінің құрама командасынан Утегулов Жандос, ал 1-орынды Полиция департаментінің құрама командасынан Айболатов Қазбек иеленді.
74 келі салмақ дәрежесінде – жүлделі 3-орынды Сырым АПб қызметкері Шариков Қайрат, 2-орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері Орахов Мухамедали, жүлделі 1-орынды БҚО ПД қызметкері Гумаров Бауыржан иеленді.
82 келі салмақ дәрежесінде – жүлделі 3-орынды 5517 әскери бөлімінің қызметкері Жақсылықов Темірлан, 2-орынды Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Кенесов Ринат, жүлделі 1-орынды Шекара қызметі департаментінің қызметкері Зайдолла Ақылбек иеленді.
90 келі салмақ дәрежесінде – жүлделі 3-орынды 5517 әскери бөлімінің қызметкері Насипкалиев Али, 2-орынды БҚО ПД қызметкері Урынбасаров Аманғали, жүлделі 1-орындыШекара қызметі департаментінің қызметкері Мусағалиев Ерлан иеленді.
100 келі салмақ дәрежесінде – жүлделі 3-орынШекара қызметі департаментінің қызметкері Сабитов Саламатқа бұйырса, 2-орынды Төтенше жағдайлар департаменті қызметкері Ташимов Азамат, жүлделі 1-орынды Полиция департаменті қызметкері Калиев Айбар иеленді.
+100 келі салмақ дәрежесінде – жүлделі 3-орынды Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Мердан Мерхан, 2-орынды Орал қ. ПБ қызметкері Кенжегарин Мурат, жүлделі 1-орындыБҚО ПД қызметкері Серіков Жәнібек иеленді.
Командалық есепте жүлделі 3-орын Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы командасына, 2-орын Шекара қызметі командасына және жүлделі 1-орынды БҚО Полиция департаментініңкомандасы қанжығаларына байлады.
БҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайырханов Әзілхан Батырханұлы және «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамдастығы төрағасының орынбасары Ставкин Павел Евстафьевич жеңімпаздарды атаулы жеңістеріменқұттықтап және арнайы сыйлықтар тарту етті.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру