Қалалықтар қаперіне!
23 ақпан күні сағат 19:00-де «АТАМЕКЕН»
өнер ордасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші-композитор Е.Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Асыл арман» атты қойылымының премьерасы өтеді.
22 ақпан күні сағат 17:00-де конференц залда спектакльдің баспасөз хабарламасы өтеді.
Қойылымды «Атамекен» жастар музыкалық театры сахналайды. Идея авторы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнертану PhD докторы, профессор АСХАТ МАЕМИРОВ.
Авторы – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы-драматург МӘДИНА ОМАРОВА. Режиссері – Грузия мемлекетінде өткен Н.Думбадзе атындағы Халықаралық театрлар фестивалінің «Үздік режиссері» ГАУХАР АДАЙ. Қоюшы суретші әрі киім суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі ГҮЛДАНА АЛИНА.
Мақсаты: Есімі республикаға, шетелдерге танымал, қазақ руханиятына өлшеусіз қызмет еткен аңыз тұлға, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің өмірі және қазақ музыка өнерінде алатын орны мен әндерінің ерекшелігін театр сахнасы арқылы насихаттау; жастар музыкалық театры әртістерінің шеберліктерін кәсіби деңгейге көтеру; аталмыш қойылыммен Қазақстанның өзге өңірлерін аралап, бұқара халықтың театрға келу мәдениетін қалыптастыру.
Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев,
Е.Хасанғалиевтің жары – «Құрмет», «Шапағат» ордендерінің иегері Хасанғалиева Дарико Сопыжанқызы, Е.Хасанғалиевтің ұлы – «Құрмет» орденінің иегері, әнші, композитор Біржан Хасанғалиев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, белгілі жазушы, драматург – Омарова Мадина Мырзахметқызы, ҚР Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы Берік Уәли, қазақтың ақыны, журналист, публицист Жанарбек Әшімжан, Жазушы-драматург, сценарист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану PhD докторы, профессор – АсхатМаемиров, т.б. аймақтық театр басшылары мен режиссерлері, өңіріміздің зиялы қауым өкілдерімен бірқатар облыстық басқарма басшылары.
Ұйымдастырушы – «Атамекен» өнер ордасы
Өтетін уақыты: 23.02.2024, сағат: 19.00
Өтетін орны: «Атамекен» өнер ордасы, Қадыр Мырза Әлі ш/а 12/2
Байланыс тел.номері: 8 702 239 75 93, 8 775 285 48 82.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру