8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2023 3153 0
Құттықтаймыз!

БҚО архивіне – 100 жыл!

Осыған орай, бүгін «Атамекен» өнер ордасында « Батыс Қазақстан облысының тарихы архивтерде» атты тақырыпта Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды.

Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, сол секілді әр елден келген меймандар қатысты.
Жүз жылдық архивтің жан жақты көрмесімен танысудан басталған жиын ауқымды конференцияға ұласып, өңір басшысы Нариман Төреғалиев жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйледі.

– Алғашқы құжаттар 15 сақтау бірлігі болса, 1924 жылдың аяғына қарай архивте 53 қор, шамемен 15270 сақтау бірлігімен толықты, – дей келіп, осы салаға үлес қосқан бір топ ардегерлерге «Архив ісінің үздігі» төсбелгісін табыс етті. Қазіргі таңдағы архив қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Содан кейін Абдуллах Гүндогду, Шикар Гасымов, Сәбит Нұржанов, Владимир Аракчеев, Жәмилә Әбдіқадырова, Сәуле Сатаева секілді қонақтар сөз алып, жылы лебіздерін жеткізді. Шара соңы пленарлық мәжіліспен жалғасын тапты.

Бұл туралы «Жайық үні» газетінің ертеңгі, 21 желтоқсан күнгі санынан толықтай оқуға болады.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
147 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
132 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
359 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»