8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қазан 2023 2315 0
Бәрекелді!

Шеберлік қырлары ашылған талантты жандар

Бүгін, қазанның 19-күні «Атамекен» өнер ордасында БҚО мүгедектігі ерікті қоғамы қоғамдық бірлестігіне 35 жыл толуына орай облыстық қайырымдылық айлығы аясында XXV шығармашылық облыстық фестиваль болды.

Шара басталмас бұрын жиналған көрермен 12 ауданнан келген арнаулы әлеуметтік мекемесінің қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалады. Салтанатты шарада сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов: – 1 қазаннан бастап бастау алған мейірбандық айлығымен құттықтаймын! Аталмыш айлық аясында қариялар, әлеуметтік осал топтардағы және белсенді азаматтармен біркелкі жұмыстар жоспарланып, жүзеге асты. Соның бірі де, бірегейі – жиырма бесінші рет өткізіліп отырған шығармашылық фестиваль болатын. Еліміз өркендеп, барлық қиындықтан сүрінбей өте беріңіздер,-деген Бақытжан Хаберұлы әр ауданда «Үздік жасампаз»,«Аспапта ойнау»,«Эстрадалық вокал» номинация бойынша жүлдегерлерге Алғыс хат табыстады.

Бұдан кейін фестивальға қатысушылар залды ән мен күйге бөлеп, тыңдаушылардың ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында облыстық мүгедектігі ерікті қоғамы қоғамдық бірлестігінің басшысы Жұмажан Қожжанов барлық қатысушыларға алғысын айтып, фестивальға үлесін қосқан жандарды Алғыс хатпен марапаттады.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»