Пәтерден өрт шыққан жағдайда не істеу керек?

Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы, полковник Ерлан Әлібеков пәтерде өрт болған жағдайда не істеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спикердің айтуынша, Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде өрт шыққан кезде тұрғындар үрейге бой алдырып, дүрбелеңге түскен.
«Мұндай жағдайда үрейге бой алдырмай, тыныштық сақтау керек. Өз бетінше эвакуация жасап, көшеге шығуға тырысқан жөн. Егер өрт шығуға мүмкіндік бермесе, мақта-дәке таңғышын қолданып, пәтер есігінен ең алыс жер – таза ауа ағыны бар балконға шыққан дұрыс. Онда түтінді сыртқа шығармау үшін есікті мықтап жауып, дымқыл шүберектерді қолдану керек. Кейін балконда көмекті күте тұруға болады», – деді Ерлан Әлібеков.
Еске салайық, кеше Алматыда 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік. Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген.
Өрттен қашқан тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар. Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады. Марқұм Әсел Бекмұхаметованың отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Марқұмды жерлеу рәсімі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылында өтеді.
«Ақкент» тұрғын үй кешенін салушы компания Әсел Бекмұхамбетованың отбасына екі бөлмелі пәтер беретін болды.
Осы өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды.
- Дереккөз: inform.kz
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу