8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Тамыз 2023 849 0
Оқиға

Ажалдан арашалады

Шілденің 31-і күні сағат шамамен 16:30-17:00 аралығында БҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері Әлішер Ғайсин мен Сәндібек Мурзағалиев және Дархан Ғалымов Орал қаласындағы Зашаған кентінде автокөлікпен өтіп бара жатып, көп қабатты үйлердің бірінде төртінші қабаттың терезесінен аяғы салбырап отырған ер адамды байқаған.

Полицейлер дереу көлікті тоқтатып, ер адамды құтқаруға жүгірген. Тәртіп сақшыларының бірі үйдің сыртында қалып, көңілін аулап, әлгі адамды әңгімеге тартқан. Қалған екі қызметкер жүгіре пәтерге көтерілген, алайда есік іштен құлыптаулы болған. Содан олар жоғары қабаттағы көршілеріне барып, пәтерге кіруге рұқсат сұрап, сол үйден қолға іліккен құралдардың көмегімен төменгі қабатқа түсуге әрекет жасаған. Алайда қауіпсіздікке күмәнданған олар айнала адамдардан шынжыр арқан сұрастырған. Көлікті сүйреуге арналған шынжыр арқаны бар жігіт полицейлерге көмекке келген.

Сөйтіп, ол терезе алдында отырған қарияны аяғымен ішке қарай итеріп кіргізген, ал оны полиция қызметкерлері демеп, 69 жастағы қарияны өлім аузынан арашалап қалған. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтерін атқару үшін өз жұмыстарына аттанған.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
146 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
130 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
357 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»