8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Мамыр 2023 1819 0
Бәрекелді!

Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқандарға арналды

 

Бүгін, 7 мамыр күні Дина Нұрпейісова скверінде Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерге арналған кіші архитектуралық формадағы ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

 

«Зан-Шан» клубының бүлдіршіндері өнерлерін көрсетті. Ел үшін ерен еңбек еткен ардагерлерді еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Ескерткішті ашу және гүл шоқтарын қою рәсімі қала әкімі Миржан Сатқанов пен облыстық Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдар мен әскери қақтығыстар ардагерлері одағының төрағасы Әлішер Ашурматовқа берілді.

 

– Баршаңызға мәлім, 1992-1993 жылдары Тәжік-Ауған шекарасында соғыс болып, оған біздің қазақстандық жауынгерлер де қатысты. Батыс Қазақстан облысынан 350 жауынгер бұл соғысқа барып келді. Қазіргі таңда Орал өңірінде 128 ардагеріміз бейбіт күннің мерейін көруде. Белсенді ардагерлердің арқасында бүгінде осы ескерткіш ашылып отыр. Ұрпағымыз елді, жерді сүюдің не екенін осындай батыр тұлғаларымыздың ерлік істері арқылы біледі. Мереке баршаңызға құтты болсын! – деп қала әкімі Миржан Сатқанов ардагерлер мен қонақтарды құттықтады.

 

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
40 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
90 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»