Ел ерлері марапатталды
Бүгін, мамырдың 6-сы күні «Атамекен» өнер ордасында Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын болды.
Шара басталмас бұрын әскери саланың жетістіктері мен ардагерлердің фото суреттерінен тақырыптық көрмені жиналғандар тамашалады. «Ер – ел қорғаны» атты композияциялық шағын қойылыммен шараның шымылдығы ашылды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев сөз сөйлеп, айтулы мерекенің маңызын атап өтті. – Сіздерді 7 Мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тікелей қолдауының арқасында Қарулы Күштерінің айбары асып, айбыны асқақтай түсті. Бүгінде олар тәуелсіз елімізге тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, ел еңсесін көтеруге бар күш-жігерін жұмсауда. Тарихта халқымыздың абыройын асқақтатып, ел мақтанышына айналған тұлғалар аз болмаған. Туған жері мен Отанын қорғау – батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өсиеті, қасиетті дәстүрі. Сондықтан бүгінде сайыпқыран сарбаздарымыз ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, әскери борыштарына, Антына адал қызмет атқаруда. Мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сарбаздарға алғысымызды білдіреміз, – деген облыс басшысы Нариман Төреғалиев әскери саладағы көптеген сарбаздар мен тәжік-ауған соғысының ардагерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
Жиынның соңында қалалық Жастар мәдениет сарайының үрмелі аспаптар оркестрі, өнерлі әскери қызметшілер, облыстың әртістері, жасөспірім өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, көрермендердің көңілдерін серпілтті.
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу