Жекеменшік оқу орындары министр назарында!
Бүгін, сәуірдің 28-і күні Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында «Жеке жоғары оқу орындарының өңірлік даму бағыттарын іске асыруға одан әрі интеграциялануының жай-күйі мен перспективалары» атты тақырыпта ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының көшпелі отырысы өтті.
Басқосуды ҚР Жоғары жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов ашып жүргізді. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.Облыс басшысы Нариман Төреғалиев өз сөзінде: – Қазіргі таңда жоғары инновациялық жеке оқу орындарының алатын орны ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолға алған бастамасымен алдағы уақытқа бірнеше міндеттер қойып отыр. Бұл өзгерістердің барлығы жастардың жарқын болашағы үшін жасалуда. Бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарының стратегиялық ауқымы кең. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің де алатын орны ерекше,- деді облыс басшысы Нариман Төреғалиев.
Бұдан соң ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеке оқу орындарына арналған алты негізгі құжатқа кеңінен тоқталып, ғылым, білім концепциясының басым бағыттары туралы айрықша атап өтті. Басқосуда қазіргі кезеңдегі ғылым мен білім беруді, Қазақстанның жеке жоғары оқу орындарын дамытудың мәселелері туралы ғалымдар мен ректорлар баяндамаларында талқылап, өңірлік даму бағдарламаларын іске асыру үшін кадрлар даярлау, жетістіктер мен қиындықтар жайында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылды.
Жиыннан кейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Бекболат Шәкешевті, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяховты, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры Әділбек Тұрдалиевті, Қазақ-орыс Халыралық университетінің ректоры Сергей Сулиманы жеке қабылдап, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайында ой өрбітті.
Министрді ресми сапары ертеңде өз жалғасын тауып, шаһардағы оқу орындарын аралайды деп күтілуде.
Гүлжан АЯЗБАЕВА.
Р.Халеловтің суреттері.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу