8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2023 2903 0
Қалалықтар қаперіне

Бейбіт өмір үшін алғыс

Даниил Непке, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің мерзімдік әскери қызметшісі, ұлты неміс: – Бүгінде егемен Қазақстанның ашық аспаны астында, өздерінің тілі мен мәдениетін сақтай отырып, еліміздің барлық ұлт өкілдері бақытты ғұмыр кешуде. Мен өзімнің тарихи Отаным – Германия Федеративтік Республикасы туралы ұмытпаймын. Барлық күш-жігерімді, білімімді, тәжірибемді туған еліме, жеріме беруге  міндеттімін деп санаймын. Менің ойымша, бұл мереке  қарсаңында біздің еліміздің әрбір азаматы туған-туыстарына, жора-жолдастарына, әріптестеріне Отанымыздың көк туының астында келісіммен бейбіт өмір сүріп жатқаны үшін алғыс айту керек. Бұл біреудің біреуге деген ризашылығы ғана емес, бұл Қазақстан халқының бір-біріне деген достығымен махабатының жарқын көрнісі. Ұлттық ұланның  Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде өзімнің Отан алдындағы борышымды атқарып жүрмін. Мереке қарсаңында барша қазақстандықтардың шаңырақтарына шаттық толып, отбасыларыңызға бақ орнап, ырыс  – несібе үйлеріңізден кетпесін.

Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
145 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
129 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
356 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»