8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Ақпан 2023 3224 0
Қоғам

БАҚ өкілдеріне сайлау туралы семинар өткізілді

Бүгін, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазмедиа» орталығында Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау туралы БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтті. Семинарда алдағы сайлауға қатысты өзгерістер, жаңа тәртіптер сөз болды.

 

Семинардың бірінші кезеңінде спикерлер баяндама жасады. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов округтік сайлау, кандидаттар мен сайлау мүшелерінің құқықтық мәртебесі мен өкілеттілігі жайлы сөз қозғаса, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Гүлайым Мұхамбетжанова БАҚ және онлайн платформалардағы мониторинг, сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ережелерімен таныстырды. Қазақстанның бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Серғазин сайлау барысында болатын заң бұзушылықтардың алдын алу шараларын мәлім етті.

 

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов: «Мақсатымыз – халықтың сайлауға деген қызығушылығын тудыру және арттыру» деп атап өтіп, баяндамашылармен бірге астаналық БАҚ өкілдерінің ғана емес, «ZOOM» онлайн қолданбасы арқылы қатысып отырған барша өңір қызметкерлерін мазалаған сұрақтарға жауап берді.

 

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

«Жайық Үні» газетінің тілшісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
146 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
130 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
357 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»