8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Ақпан 2023 3221 0
Әлем жаңалықтары

Түркияда жойқын жер сілкінісі болды

Түркияның жеті провинциясында жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 76 адамға дейін өсті, тағы 440 адам зардап шекті. АҚШ Геологиялық қызметі 7,8 балдық жер сілкінісінің 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Түрік сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады.

7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясында сағат 4:17-де болған, салдырынан бірқатар қалада ғимараттар қираған. Сондай-ақ Сирияның бірнеше аймағы да зардап шеккен, Ливан астанасы Бейрутта жер сілкінісі байқалған. Кахраманмарас, Килис, Диярбакыр, Адана, Османие, Газиантеп, Малатия және Хатайда кейбір ғимараттар қирады. Аймақтың провинцияларында әкімдердің басшылығымен дағдарыс бюролары құрылды.

Түркия билігі төтенше жағдайдың ең жоғары деңгейін жариялады. «Елде төртінші дәрежелі дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды. Төтенше жағдайлар басқармасымен бірге біз аймақтарға құтқарушыларды жібердік», – деді Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу. Бірінші жер сілкінісінен кейін тағы алты ірі жер сілкінісі болған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
40 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
89 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
52 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»