Ұлт тарихы жаңа кітаптармен толықты
Бүгін «Атамекен» өнер ордасының кең залында республикамызға танымал ғалым, өлке тарихының бәйтерегі, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Тұяқбай Рысбековтің таяуда жарық көрген таңдамалы шығармалар топтамасының, кезекті томдарының тұсаукесер рәсімі өтіп, өз мәресіне жетті. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, тағылымды жиында құттықтау сөз сөйледі. Аты елге танымал Тұяқбай Зейітұлының зеректігін, егеменді ел тарихына қосқан сүбелі үлесін, зейнеткерлікке шықса да том-том кітаптар жазып, үнемі ізденетін, көп оқитын, көп білетін талантты ғалым екеніне ерекше екпін түсірді. Көптеген мекеме басшылары, зиялы қауым, өлкедегі оқу орындарының төраға-ректорлары, оқытушылар тб. бас қосқан шарада Т. Рысбековтің баспаханадан шыққан тың туындыларының тұсауы кесілді. Бұл құрметке сыйлы мейман-өңір басшысы Н. Төреғалиев, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ басқарма төрағасы-ректоры, профессор Асқар Наметов, М. Өтемісов атындағы БҚУ- нің проректоры,ғылым кандидаты Қажымұрат Ахмеденовтер ие болды. Ғалымдар Мұрат Сабыр, Әсет Тасмағамбетов, Самат Құрманалин, Мұрат Қалменовтер Т. Зейітұлының қалыңдығы кірпіштей 7- томдық таңдамалы шығармаларына тоқталып, тұщымды баяндамалар жасады.
Оралдағы «Полиграфсервис» баспаханасынан жарық көрген рухани дүниелердің ішінде автордың 6-шы томы «Батыс Қазақстанның өнер және ғылым жұлдыздары» деп аталады. Осы еңбек туралы филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр сараптама жасап:
– Тұсауы кесіліп отырған екі томдық және Батыс Қазақстан облысының тарихы туралы еңбектері тәжірибелі ғалымның ұзақ жылдарға созылған ғылыми ізденістерінің қорытылып-екшеленген, әбден жүйеленіп-сараланған жемісі. Өйткені, Т. Рысбеков жай не әуесқой тарихшы емес, кәнігі кәсіби тарихшы, – деді.
Шара соңында сөз алған Тұяқбай Рысбеков қауырт жұмысына қарамастан, алтын уақытын осы шараға да арнаған облыс әкіміне және барша қонақтарға ризашылығын білдірді. Ғылым жолында талмай іздене беретінін айтты. Зиялы қауым атынан сөз алған ардагер-журналист Тихон Әліпқали, тарихшы – ұстаз Қамида Қожабергеновалар Ақ Жайық төрінде Тұяқбайдай ұлт мақтанышымен мақтанатындарын, өскелең ұрпақ бүгін тұсауы кесілген дүниені оқып, тағылымды тәрбие алатынын айтып, авторды жаңа кітаптарымен құттықтады.
Өз тілшіміз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу