Ақын есімі – білім ұясында!

Бүгін, Оралдағы 47 жалпы орта білім беретін мектепке Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі ақын Қадыр Мырза Әлінің есімі берілді. Шараға қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, қалалық білім бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, Қазақстан Жазушылар одағының БҚО филиал төрағасы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, ақын Бауыржан Халиолла, Қадыр Мырза Әлі атындағы қордың директоры Донеділ Қажымов, ардагер-ұстаз Үзілдік Елубаева, «Егемен Қазақстан» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі Қазбек Құттымұратұлы, Зашаған кенті әкімінің орынбасары Нұрболат Мұхитов тб қатысты. Салтанатты жиынның шымылдығын аталмыш мектептің 6 сынып оқушысы Назерке Мақсотова Қадыр ақынның өлеңімен ашты. Содан кейін №47 ЖОББ мектепке Қадыр Мырза Әлі атының берілгендігін растайтын ақын бейнесінің пердесі ашылып, қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов сөз сөйледі. – Құрметті қонақтар, ұстаздар! Қадыр ақын тек біздің өңірімізге емес, қазақ еліне белгілі тұлға. Ақынның өлеңдерін жер-жерде жырлайды. Мектеп оқушылары оның нақыл сөздерін оқып, насихаттауда. Білім ұясы ақынның есімін асқақтатады деген сенімдеміз,-деді. Бұдан соң сөз алған Бауыржан Халиолла:
– Бүгін-Қадыр ақынның туған күні. Өзінің көзі тірісінде Сырым ауданының Жымпиты ауылындағы мектепке есімі берілді. Астана қаласында лицейге аты берілді. Өткен жылы біздің орталық Қазақстан Жазушылар одағына осы мектепке ақын есімін беруге арнайы хат жолдады. Іс нәтижелі болып, міне, ақын есімі ұлықталуда. Қадырдың атын еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін біледі. Өлеңдерін жатқа айтады. Әр аймақта, әр елді мекенде есімі берілуде. Алматы облысының, Қапшағай ауылында есімінің берілуі қуантады. Ол тірі кезінде айтатын: Маған ескерткіш орнатып шығынданбаңдар, өзім шапшаң, ескерткіш секілдімін»-дейтін деп еске алды. Аталмыш мектеп директоры Нұржан Саттықов 2022жылғы 03.11 қаулысына сәйкес ҚР Халық Жазушысы Қадыр ақынның есімін беру туралы шешім шыққанын, мектептің 2015жылы типтік жобада пайдалануға берілгенін, қазір 2400 оқушы, 204 мұғалім бар екенін айтты.
Г. Аязбаева.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу