8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қаңтар 2023 3451 0
Қалалықтар қаперіне

230 адам мұзда құлаған

Оралда көктайғаққа байланысты жарақат пункттеріне түскен науқастар саны күрт өсті. Дәрігерлер бірнеше күн бойы шұғыл режимде жұмыс істеп келеді. Облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімі жарақаттанған жандарға толған.

 

Дәрігерлер қолайсыз ауа райына байланысты өздерінің алаңдаушылығын жасырмайды. Аймақта қолайсыз күн райы салдарынан тайып жығылып, жарақат алып, жазым бола жаздағандар саны саны күрт өсті. Бір ғана облыстық көпбейінді аурухананың жарақатпен қабылдау бөлімінде 3 күнде 13 адам төсекке таңылыпты.

Аурухана лық толы адам. Көбісі құлап жарақат алғандар. Мереке күндері тәулік бойы ем шара жүргізген дәрігерлер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Жасы егде тартқандар қажет болмаса күн райы қалыпқа келгенше үйден шықпаған жөн екенін айтады. Мәселен, жасы 70 -тен асқан Александр ақсақал үйінің алдында құлап қабырғасын сындырып алыпты.– Құлап қалдым. Осында келдім. Қабырғам сыныпты. Енді ауруханаға жататын болдым. Дәрігерлер үлгере алмай жатыр. Көше көк мұз. Әр кабинеттің алдында шамамен 20 минуттай отырасың,- дейді қала тұрғыны Александр Антоценко.Жаңа жылға тек үш күн қалғанда, үзбей қар жауып, жұртты қуантқан болатын. Әйтсе де 1 қаңтарда кешкісін қар еріп, түнде жаңбыр жауды. Қардың еруі 2 қаңтар күні де жалғасты. Соның салдарынан Орал қаласының көшелеріне су толды. Оған қоса көктайғақтың кесірінен жүріп-тұру қиындады. Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 арнайы техника су сору жұмыстарын жүргізуде. Екі күннің ішінде 330 текше метр су сорғызылды. Екі ауысымда 360 адам жұмыс істеуде. Барлығы 90 техника тартылған. Қалада су сору, тазарту жұмыстары жалғасуда. Жалпы, өңірде ауа райы құбылмалы болып тұр.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
132 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»