САҚШЫЛАР ВОЛЕЙБОЛ ОЙНАДЫ
Орал қ.ПБ жеке құрамы арасында бұқаралық спортты насихаттау, тәртіп сақшыларының спортпен шұғылдануларына мол мүмкіндік жасау, физикалық дене күштерін шынықтыру мақсатында бірнеше спорттық жарыстар мен спартакиадалар, отбасы арасындағы сайыстар мен көпшілік жүгіру, жалпы спорттың барлық түрінен түрлі жарыстар ұйымдастырылып келеді. Бұл жердегі мақсат-қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытпен санаспай қызмет сапынан табылатын жеке құрамның күш-жігерлерін тасытып, баршасын спортқа баулу еді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай кең спорт залда басқармадағы барлық құрылымдық бөлімшелер арасында волейболдан жарыс өтті. Облыстық «Динамо» спорт және денешынықтыру қоғамы мен Орал қ.ПБ бірлесе ұйымдастырған спорттық шараға мұздай дайындалған бірнеше команда қатысты. Әр команда құрамында погонды 6 қызметкерден болды. Абай мен Шаған полиция бөлімдерінің командалары пысықтық танытып, жеңуге ұмтылды. Жарысты тамашалауға тәртіп сақшыларының отбасы мүшелері, алаңда доп қуудан алдарына жан салмайтын өрімдей ұлдары, тума-туысқандары және жанкүйерлер біраз жиналды. Тәуліктің алғашқы жартысында мереке қарсаңында ұйымдастырылған волейболдан жарыс басталып, Орал қ.ПБ бастығы полиция подполковнигі М.Айкеновтің атынан құттықтауы жеткізілді. Басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерсайын Тұманғалиев жеке құрамды жарыстың басталуымен құттықтап, жеңіс тұғырынан көрінулерін тіледі.
Волейбол қызу тартысты өтті. Әрбір команда ұйымшылдықпен әдемі ойын өрнегін көрсетіп, қарсылас командалар волейбол сеткасына ұпай салумен болды. Абай полиция бөлімінен жасақталған командадағы жас жігіттер ерекшеленіп, алаң ортасында доп қуудан 1 орынды ешкімге бермеді. Шағандық полицейлер де жанталасып, қарсылас команданың еншісіне екі еселеп доп соғып, шеберліктерімен таң қалдырды. Көп ұпай жинаған Абай полиция бөлімінің командасы 1 орынды жеңіп алды. Басқарманың айдауыл қызметі командасы 2 орынмен жеңіс тұғырына шақырылды. 3 орын жол-патрульдік полициясы баталонының командасына берілді.
Басқарманың басшылығы волейболдан көзге түсіп, жанкүйерлердің көзайымына айналған спортшыларға түрлі номинациялар беруді ұйғарды. Осылайша, «Үздік шабуылшы» номинациясы, «Үздік байланыстырушы» номинациясы, «Үздік тосқауылшы» номинациясы спортшыларға тапсырылды. Жеңіске жеткен командалар мен түрлі номинацияға қол жеткізген сақшыларға облыстық «Динамо» спорт және дене шынықтыру қоғамы атынан спорттық костюмдер мен кубоктар, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар, спорттық доптар тапсырылды. Кең залда доп қуып, секіріп, бойлары сергіген тәртіп сақшылары керемет жарыс ұйымдастырған басшылыққа алғыстарын айтты.

Басқарманың жеке құрамы арасында спортты насихаттау мақсатындағы жарыстар алдағы күндері де өткізіліп, спорттық көпшілік іс-шаралар жалғасын таба береді.
Гүламан Исмагулова, Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу