АЛТЫ АДАМ ЖОЛ АПАТЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ
1 қаңтар күні Орал қаласы аумағында болған үш жол-көлік апатынан алты адам көз жұмды. Оның біреуі кәмелетке толмаған бала. Сонымен қатар зардам шеккен бірнеше адам ауруханаға жеткізілген, бір бала ес-түссіз жатыр. Бұл туралы БҚО Полиция департаменті хабарлап, өңір тұрғындарын жолда абай болуға шақырды.
Сағат 14.30-да Орал-Атырау тас жолы бойында – Жел тауы маңында Хюндай мен Тойота автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті, оның ішінде үш кәмелетке толмаған және екі ересек адам түрлі жарақат алған, бір бала комада жатыр.
Екінші оқиға Самара-Шымкент тас жолының 313 шақырымында болған. Тайота-Прадо және Ваз 2112 көлігі соқтығысып, апат салдарынан 4 адам қайтыс болды, басқа зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Үшінші жол-көлік апаты Деркөл ауылы айналма жолында орын алған. Хюндай сантафе және Фольксваген поло автокөліктері соқтығысып, 2012 жылғы кәмелетке толмаған бала көз жұмды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғалардың себептері мен мән-жайлары анықталып жатқанын хабарлады. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Сонымен қатар Полиция департаменті көлік жүргізу кезінде абай болуды, жылдамдық режимін асырмауды ескертеді. Ауа-райының нашарлаған кезде қаладан шықпаған жөн.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу