БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛУДА
Шаһар тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жаңа қоқыс контейнерлері мен қаладағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті болдырмау мақсатында қоқыс алаңдары маңына бейнебақылау камералары орнатылуда.
Қазіргі таңда қала бойынша 50 жаңа қоқыс алаңдары мен бейнекамералар орнату жұмыстары жүріп жатыр. Орал қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының бас маманы Мержан Шамуровтың мәліметінше, қоқыс алаңдарына камералардың орнатылуы алдымен заңсыз қоқыс тастаудың алдын алуға көп көмегін тигізбек.
–Биылғы жоспарға сәйкес, қаламыздағы көп қабатты үйлердің аумағына 50 жаңа қоқыс жәшіктеріне арналған алаң және 50 камера орнату көзделіп отыр. Пәтер тұрғындарына арналған қоқыс алаңдарына көп жағдайда үлкен жүк көліктері келіп қоқыстарын тастап, шашып кетеді. Осыдан кейін тұрғындардан көптеген наразылық туындайды. Осы мақсатта бейнекамералар орнату жұмыстары жүруде. Алдағы жылы да бұл жұмыстар жалғасын табады, – деді. Бейнекамералардағы жазбалар аталмыш бөлімдегі мәліметтер базасының серверінде жазылады. Егер заң бұзушылық орын алған жағдайда тиісті мәліметтер жергілікті полиция қызметіне жолданады.
Биыл қала бойынша санитарлық тазалау жұмыстарын жақсарту мақсатында 1000 дана қоқыс жәшігі сатып алынып, орнатылды. 2022 жылы дәл осы бағытта атқарылатын жұмыстар өз жалғасын таппақ.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру

Пікір үстеу