8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қыркүйек 2021 1364 0
Қоғам

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ А.МАМИН ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БҚО-ҒА КЕЛДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді, сондай-ақ көлік, тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, АӨК жобаларының іске асырылуын тексерді.

БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылымдық құрылыс, электрмен және газбен жабдықтау мәселелері, сондай-ақ инвестициялық жобалар туралы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, облыс әкімі Ғали Есқалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров, қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев баяндады.

Батыс Қазақстан облысының кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында бес жыл ішінде өңдеу өнеркәсібін, АӨК, әлеуметтік саланы, тұрғын үй, көлік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, азаматтық қорғау мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша 141 іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр. 2,4 трлн теңге инвестиция тарту көзделген, оның 80%-ы – жеке меншік капитал.

Кешенді жоспарды орындау 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің көлемін жылына 205-тен 300 млрд теңгеге дейін, ШОБ үлесін 32,7%-дан 37,8%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының дамуына үлкен көңіл бөледі. Өңір өнеркәсіптік дамудың жоғары әлеуетіне ие. Әзірленіп жатқан әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарының іс-шараларын жүзеге асыру инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі серпін береді», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр екі апта ішінде Кешенді жоспардың жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізуді тапсырды, содан кейін мәселе Үкімет отырысында талқыланатын болады.

А. Мамин сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында мұнай-газ және химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша отандық және шетелдік инвесторлардың – KPO b.v., Shell, Agip Karachaganak b.v, SRPM Resources Ltd., Nostrum Oil&Gas, ABS-Munai және т. б. қатысуымен жеке кеңес өткізді. Экономиканың аталған салаларында жаңа инвестициялық жобаларды – мұнай және газ өндіру көлемін ұлғайту, сондай-ақ оларды қайта өңдеу, МӨЗ, калий тыңайтқыштарын өндіру комбинатын салу және т. б. іске асырудың жай-күйі мен перспективасы қаралды. Қарашығанақ кен орнындағы инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруға, сонымен қатар ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапары аясында А. Мамин Орал қаласындағы халықаралық әуежайды реконструкциялау барысымен танысты. Жобаны іске асыру жолаушылар айналымын жылына 200 мыңнан 400 мың жолаушыға дейін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Оны 2021 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру көзделген.

Үкімет басшысына Батыс Қазақстан облысындағы автожолдарды реконструкциялау және жаңғырту жобаларының іске асырылуы, өңірдің инженерлік-коммуникациялық және энергетика инфрақұрылымын дамыту туралы баяндалды.

Премьер-Министр «Батыс Су Арнасы» кәсіпорындары мен «Жайық Ет» ЖШС-да, сондай-ақ Теректі ауданының Тоқпай ауылында болып, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй инфрақұрылымы құрылысының барысымен, өңірдің АӨК дамуымен танысты.

Биылғы жылдың 8 айында Батыс Қазақстан облысында құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға артып, 88,5 млрд теңгені құрады. 302 мың шаршы метр (+2,7%) тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 0,7%-ға өсіп, 120,9 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 29,2%-ға 214,2 млрд теңгеге дейін, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,8%-ға төмендеп, 1,77 трлн теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі 6,9%-ға, өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 12,8%-ға азайды. Сондай-ақ химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 1,5 есеге,  дайын металл бұйымдарын өндіру 11,8%-ға өсті.

ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
75 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
145 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
376 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
859 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1237 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1596 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2212 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2377 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2384 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2435 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2439 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2056 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2919 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2973 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2967 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3580 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3548 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3539 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3515 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3675 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»