8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қараша 2018 2341 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА 4 ЖЕКЕ ЕМХАНА ТІРКЕУ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстанда жыл сайынғы тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны аяқталды. Электронды денсаулық сақтау орталығының деректері бойынша емханаға тіркеу науқаны кезінде Батыс Қазақстан облысындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға 3 626 тұрғын еркін таңдау құқығын пайдаланып тіркелген. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облысымыздағы емханаға тіркеу науқанының қорытындысы туралы мәлімдеді.

Жыл бойына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарын еркін таңдау бойынша «Медикер Ақсай» ЖШС мен №3 қалалық емхананы таңдағандар көп. Батысқазақстандықтардың көпшілігі өздері таңдаған медициналық ұйымға барып, тіркелуді жөн көрген, тек 53 адам ғана egov.kz. порталы арқылы тіркелудің электронды түрін таңдаған.

– Алдағы уақытта емхана арқылы тіркелуді жүзеге асыру мүмкіндігі болмайды. Бұл жүйелі мәселелерді шешу және теріс пайдалану мен бұрмалау фактілерін болдырмауға бағытталған қажетті шара болып отыр. Бұл алаңдаушылық туғызбауы тиіс. Біріншіден, емханаға тіркелуге баруға үйреніп қалғандар халыққа қызмет көрсету орталықтарына бара алады (ЦОН), онда egov-қа қосылған Connection Points бұрыштары жабдықталған және де қызметті алуға көмектесетін кеңесшілер жұмыс істейді. Екіншіден, смартфоннан тelegram-бот Egov.kz арқылы санаулы минут ішінде тіркелуге болады, онлайн арқылы өздеріңіздің балаларыңызды да тіркеп қоюға болады, жүйе өзі автоматты түрде артық құжаттарды талап етпей-ақ үрдісті жеңілдетіп, ақпараттық жүйелерден сіздің туыстығыңыз туралы деректерді жүктейді, – деді Нұржамал Шамғонқызы.

Биыл облыстағы бастапқы медициналық-санитарлық көмектің 25 медициналық ұйымы тіркеу науқанына қатысқан. Олардың төртеуі – жеке клиникалар. Қалған бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 23 ұйым келесі жылдан бастап тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде қызметтер көрсететін болады.

 Жалпы, тіркеу науқаны – емхана ауыстырудың жалғыз жолы емес. Қазақстандықтардың жылына бір рет емхананы ауыстыруына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар қоныс аударғанда, емхана жабылып қалса немесе медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бұзылса, жақын маңнан жаңа емхана салынса, емхана қызметіне қатысты шығындарды жабатын ерікті медициналық сақтандыру келісімшартын бекіткен жағдайда, басқа емханаға ауысуға болады. Тіркеумен айналысатын емханалардың толық тізімі Медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтында бар.

«ЖАЙЫҚ ҮНІ»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
143 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»