8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Маусым 2021 4508 0
Өзек

ОРАЛДАҒЫ ЖЕТІ МЕЙРАМХАНА ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН БҰЗДЫ

Өткен демалыс күндері  рейд жүргізген мониторингтік  топ өкілдері  жеті  мейрамхананың  карантиндік шектеу шараларын бұзып, саланатты іс-шара өткізгенін анықтады.

 

 

 

Орал қаласы бойынша мониторингтік топ мүшелері кафе-мейрамханаларға тұтынушыларды «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізу, бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты талаптардың орындалуын қарап, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Өткен демалыс күндері жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында шектеу шараларын бұзушылықтың 7 дерегі анықталды. «Амина»(жалға алушы Жасталап Салықов, той иесі Мұрат Әлиев), «Ата-Ана» (тойхана иесі Асылхан Купешов, той иесі Мереке Бекесов), «Қоржын» (мейрамхана иесі Шолпан Досқалиева), «Гранд Зодиак»(“Кенжеалиева” ЖК), «Арбат»(“Назгүл”ЖК, той иесі Алия Азаматова) және “Самал”(жалға алушы Темірханова А.Т, той иесі Самал Серікқалиева) мейрамханаларында салтанатты іс-шаралар оздырылып жатқаны белгілі болды. Анықталған бұзушылықтарға байланысты жеке кәсіпкерлік пен той иелеріне әкімшілік айыппұл салынды.

Бұзушылықтарға қатысты жинақталған материалдар Орал қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Еске сала кетейік, 28 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
256 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»