8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2021 4343 0
Спорт

СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ

2 маусым күні Оралдағы үш ауданда спорттық және балаларға арналған ойын алаңдары пайдалануға берілді.

 

Шаһарда көпқабатты үйлердің аулаларын жаңарту, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің ойыны мен жаттығулар жүргізуіне қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның бір дәлелі – балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Абай даңғылы 119, Құрылысшы шағынауданы 27/1 және Әбілқайыр хан даңғылы, 153, 155/1 мекенжайлары бойынша берілген  заманауи үлгідегі ойын алаңдары. Бұлар биылғы жылы пайдалануға берілуі  көзделген алаңдардың алғашқылары ғана.

Құрылысшы шағынауданындағы көпқабатты үйлердің ауласындағы алаңның ашылуына қатысқан қала әкімі Абат Шыныбеков шаһардың кішкентай тұрғындарын мерекемен құттықтап, алдағы уақытта қаламызда жалпы 20 алаңның құрылысы жоспарланғанын мәлім етті. Нысанды ашу лентасы қиылысымен алаңға енген балғындар баскетболдан өзара жолдастық кездесу ұйымдастырды. Ең бастысы балалардың қуаныштарында шек жоқ.

– Бұл жерде құрылыс жұмыстары басталған кезде, шағын ғана қоршалған алаң болатын шығар деп ойладым. Мұндай үлкен болады деп күтпедім. Өзімнің көзіммен көрген нысанға енді сене бастағандаймын. Енді достарыммен келіп, осы жерде доп қуатын болдық. Алаң маған ұнады, – дейді Құрылысшы шағынауданының тұрғыны Витя Артенев есімді балғын.

Тұрғындар игілігіне ұсынылған алаңдарда кіші жастағыларға арналған ойын жабдықтары, ересектер үшін жаттығу құрылымдары мен спорттық алаң бар. Құрылыс жұмыстарын «ЖайықСити» ЖШС жүргізген.

–  20 алаңның жобалық құны 500 млн. теңге. 10 нысанның құрылысын жүргізіп, үшеуін тапсырып отырмыз. Қалғандарының құрылыс жұмыстары жақын уақытта аяқталады. Әр жастағы балалардың ойнап, жаттығуы үшін қойылған құрылымдардың барлығы – отандық өнім. Тек темір қоршау мен желімді ғана өзге мемлекеттен алдырдық, – дейді мердігер компания басшысы Мереке Молдағалиев.

Мердігер жабдықтардың сапалылығына сендірді. Пайда болған ақаулықтарды өздері қалпына келтіретін болады. Бұл үшін екі жылға кепілдік мерзімі белгіленген. Десе де, тұрғындар жаңаны бағалай біліп бүлінуіне  жол бермей, күтіп-ұстаса деген тілек бар.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»