МЕКТЕП АУЛАЛАРЫНДА ЖЕМІС АҒАШТАРЫ ЖАЙҚАЛАДЫ
БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің «Менің аулам – менің бағым» идеясын қолдағандар қатарында Оралдағы білім беру ұйымдары да бар. Аталған жоба негізінде қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен жеті мектепте «Мектеп. Алма бақ. Оқушы» жобасы бастау алды. Үш жылға арналған жобаны жүзеге асыруға С.Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық питомник-бақтың директоры Қайрат Кәрімов қолдау көресететін болады.
Жыл басында Орал қалалық білім беру бөлімі мен аталған питомник арасында келісім жасалған. Білім беру бөлімінің басшысы А.Темірханованың бастауымен жобаны жүзеге асырушылар Қайрат Кәрімовпен алғашқы кездесуді өтікізіп, білім беру ұйымдары аулаларына жеміс ағаштарын егу жобасының тетіктерін талқылаған еді.
Бүгін жоба қатысушылары болып табылатын жеті мектеп питомникке арнайы барып, әрқайсысы алма ағашының 10-20 түбін алды.
Білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханованың мәліметінше, жобаға жеті мектеп қатысады. Олардың басым бөлігі – кейінгі жылдары бой көтерген, жаңа мектептер. Әр мектеп ауласында жеміс ағаштарын түптендіруге орындар дайындалып, қоршалған. Жеміс ағаштарын күтіп-баптауға мектептің биолог-ұстаздары, оқушылар және қызметкерлер жұмылдырылмақ.
– Бала естігенінен емес, көргенінен мол тәлім алады. Бұған дейін мектеп басшылары, осы жобамен айналысатындар Қайрат Кәрімовпен кездестік. Ұсыныстарын ескере отырып, осы жұмысты қолға алудамыз. Балаларымыз жеміс ағаштарын баптаудың қыр-сырына үйренсе, өз үйлерінің айналасын, аулаларын да жеміс ағаштарымен жайқалтады деп ойлаймыз, – дейді Ақжарқын Мүтиғоллақызы.
Сондай-ақ жаз маусымында күтіп-баптау жұмысына оқушылар тартылады деп күтілуде. Алма бақтарында еңбек ететін шәкірттерге қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 500 теңгеден төленетін болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу