8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Сәуір 2021 3307 0
Спорт

«ГРАЦИЯ-KZ» АЛТЫН МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Батысқазақстандық «Грация-KZ» волейбол командасы  Қазақстан Республикасының ХХІХ чемпионатында алтын медаль алды. Сүйінші хабарды БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. 

Жоғары лигадағы әйелдер құрамасы арасындағы волейболдан Қазақстан Республикасының ХХІХ чемпионатының V туры 14-20 сәуір аралығында  Тараз қаласында өтіп, бүгін тәмамдалды.

Барлық 5 турда батысқазақстандық волейболшылар қатысушы командалар арасында жетекші орынға ие бола отырып, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті.

«Ұлттық чемпионаттағы жарқын жеңіс, чемпиондар атағы – бұл команданың алғашқы жеңісті жетістігі.
Республикалық деңгейдегі жарыстарға команданы дайындағаны үшін жаттықтырушылары Нұрсұлу Губашеваға, Әсел Губашеваға, Айнұр Губашеваға, Айна Губашеваға үлкен алғысымызды білдіреміз» – деді БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының маманы Ринат Дүйсенов.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан спортының тарихында бірінші рет «Грация-KZ» волейбол командасы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
18 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
24 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
28 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
93 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»