8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2018 2552 0
Қоғам

АЛАҚАННЫҢ ЫСТЫҒЫН АҢСАҒАНДАР…

           Қазіргі таңда елімізде қаншама ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өмір сүріп жатыр. Оларға әрдайым жылы сөз, мейірім, жан жылулығы жетіспейтіні белгілі. Себебі олар ананың жылы алақанын, әкенің ыстық құшағын көрмей, тек аңсаумен өсіп жатыр. Осы олқылықтың орнын толтырып, балалар бауырмал болсын деген ниетпен Орал қаласында 2003 жылы «Бөбек» қорының президенті, еліміздің Бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен ашылған «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» жақында 15-інші күзін қарсы алды.

Салтанатты шарада   сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова: – Бүгін балалар ауылының ізгілік пен мейірімділікке толы қайырымдылық жолына 15 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде балалар ауылы да кез келген отбасы секілді қуанған, мұңайған сәттерді бастан кешті. Бұл жерде балаларға бар өмірін арнап, отбасылық құндылықтарды бойына сіңіріп, тәрбиелеп келе жатқан тәрбиеші-аналардың еңбегі зор. Сонымен қатар ашылған күннен бастап балалар ауылының әр қадамына табандылықпен қолдау көрсетіп келе жатқан демеушілерімізге ризашылығымыз шексіз. Балалар ауылының рухы әркез биік болып, осында тәлім алғандар ел азаматы болып өссін деп тілейміз. Балғындарымыз біз көрмеген жерді көріп, жетістіктерге жетіп жатса, бәріміздің бірлесіп атқарған еңбегіміздің ақталғаны, – дей келіп, балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп жүрген демеушілер Яхия Чудров, Валерий Жүнісов, Вадим Каблов, Александр Әжіғалиевке облыс әкімінің, облыстық білім басқармасының алғысхаттарын табыстады.

– Балалар ауылында 73 бала тәрбиеленуде. Осыдан он күн бұрын «Мерейтойға тарту» атты акциямызды бастап кеттік. Акция аясында «Болашақ» аллеясын ашып, қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірге ағаш отырғыздық. Кейін акция аясында балаларымызды сауықтыру, демалту орындарына жіберіп, әр түрлі кештер, сурет көрмелері, спорттық шаралары ұйымдастырылды. Бүгінде балалар ауылы ұжымы мен қатар тәрбиеленушілерді өз қамқорлықтарына алып, білім нәрімен сусындатып жүрген «USTUDY» аймақтық тестілеу орталығының №125 филалы,   «Destination» оқу орталығы, 20, 30, 22 жалпы орта білім беретін мектептер мен  серіктестік аясында Назарбаев Зияткерлік мектебіне алғысымыз шексіз, – дейді балалар ауылы директорының орынбасары Гүлнұр Кенесарина.

Айта кету керек, 2017 жылдан бастап балалар ауылында  Қамқоршылық кеңесі өз жұмысын бастады. Тәрбиеленушілердің  қоғамға әлеуметтенуін, оларды қолдап,  демеушілік көмек көрсетуді,  қайырымдылықтың басты бағыттарының бірі деп өмірлік ұстанымдарына  айналдырған Балалар ауылының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсынованың айтуынша, кеңес мүшелері үнемі мұндағы өмірдің қиын жағдайына тап келген балалардың жанынан табылып, жан жылуын сыйлайды.

Қазір мұнда 73 тәрбиеленуші бар, яғни әр коттеджде 7-8 баладан тұрады. Жасөспірімдер отбасы үлгісінде тәрбиеленеді, әрбір отбасының өз анасы бар. Ана тәрбиешілер 15 жыл ішінде балалар ауылынан 200 ден астам түлекті қанаттандырған. Бүгінде олар әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, оқып жатыр. Әлібек Әйтиков Египет елінде, Ират Сағынғалиев, Динара Табылдиева Ресейде, Алексей Гузиков Брянск қаласында, Анна Бабаева, Лунара Әбішева, Ұлпан Кенжина, Жанар Уәлиханова Алматыда, Зарина Қабашева Өскеменде,  Хан Виктор Қарағанды қаласында білім алып жүр. Балалар ауылының ұжымы өмірден өз орнын тапқан шәкірттерімен мақтанады.

«Мүмкін емес болмауы, мені туған ананың»

        Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет пен қайырымды да жомарт жандар тарапынан қолдау көрсетілуде. Жеке есепшот ашылып, оған қаражат салынуда. Балалар үйіндегі күтім де жақсы. Бірақ қанша жасырғанымен, ата-анасын сағынады, бір көруді арман етіп, өзгеге қызыға да қызғана қарайды. Оңашада «Мүмкін емес болмауы, мені туған ананың» деп көз жасын көл етпесіне кім кепіл.

Салтанатты шарадан соң  әр үйді аралап, бүлдіршіндермен танысып қайтпаққа бел будық. Алдымен кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты  Лилия Хайруллина мен «Мәрия ханым» сән үйінің директоры Жұлдыз Құспанова қамқорлығына алған №1 коттеджге  бұрылдық. Кіріп барғаннан жетімдіктің кермек дәмін ерте татқан балақайлар алақайлап қарсы алды.

Тәп-тәтті қазақтың «батыры» фотосуретке өзім түсірейінші деп қолыма жармасты.  Балдай тәтті тілдерімен бірінен-бірі асып түсуге ұмтылады. Сегіз баланың анасы Зылиха Жолбатырова жеті жылдан бері осында тұрады. – Мұндағы бес бала бір үйдің баласы, екеуі және ағайынды. Оларға туған балаларымдай бауыр басып кеттім. Түрлі жағдайға куә болып жатқандықтан, алдағы күндерге алаңдаушылық көп. Қандай қиын жағдай болмасын, шешесі тірі кезде, мына бейбітшілік заманда бірде-бір сәби ана жылуынан айырылмаса дейміз. Ақ пен қара қатар жүретін өмірде көз жасын көл етіп анасын сағынған жетімдер қатарының азаймай тұрғаны жанды қынжылтады, – дейді ол.

Кіргеннен-ақ қазақы нақышта тігілген ерекше костюмдегі екі қазақ баласы көзімізге оттай басылды. Өйткені мерекелік шарада екеуі қосыла «Ана» туралы ән шырқағанда сүйсінбеген жан қалмаған еді. Ал әдемі костюмдер «Мәрия ханым» сән үйінің өнерлі өрендерге Астана қаласында өткен конкурсқа дайындаған сыйы екен. Азамат пен Әсет ағайынды, төрт жылдан бері осында тұрып жатыр. Әсет шыр етіп өмірге келісімен анасынан көз жазған. Кейін қос бүлдіршін атасы мен әкесінің бауырында болады. Әкесі теріс жолға түсіп кеткен. Одан соң атасы баға алмаймын деп екеуін жетелеп әкеліп, балалар үйіне тапсырыпты. Қазір қаладағы №30 орта мектептің бірі – 8-ші, бірі – 5-ші сыныбында оқиды. Өнерпаздар түрлі конкурстардың жеңімпазы, домбырада да шебер ойнайды. Жетістіктері де жетерлік. Балалар демеушілер тарапынан түрлі елге, қалаға демалуға барып, конкурстарға жиі қатысып жүр екен. Балалардың бөлмелері  айнадай таза, жарық. Жиһаздары да жаңа. Жұлдыз Қазиқызы жаңа ас үй жиһазына тапсырыс беріп қойғанын, жақында алып келетінін айтып қалды.

Барлық үйге ортақ мәселе – терезелерінің ескілігі, әлі күнге ағаш тереземен тұр. Әзірге демеушілердің көмегімен ағымдағы жөндеу ғана жасалған. Күрделі жөндеу керек-ақ.

Өнерлі балалар осында тұрады

           Қалалық мәслихат депутаты Азамат Бисенов №5 үйдің бүлдіршіндерін қамқорлығына алған болатын. Бұл күні Азамат Ғимранұлы балаларының жағдайымен танысты.

Жексенбілік тәтті тоқаштарды пісіруді дәстүрге айналдырған бұл жанұяда ән айтуды жақсы көретін балалар тұрады. Жайдары ана Людмила Бақтығалиева өзі де олармен қосыла ән шырқайды екен. Тіптен, балаларының әр жетістігін майын тамыза әңгімелеп, мейірімін төгіп отырғанда еріксіз сүйсінесің. Отбасының үлкені Мария биші, Саша әнші, Костя сурет салады. Людмила мен Яша спортты жақсы көреді. Артем шахмат шебері, Никита өте ұқыпты, сабаққа ынтасы жоғары қыз. Кездесу барысында қазақ тілінде сайрап тұрған кішкентай Виктор мен Саша қонақтарға тақпақтарын жарыса айтып берді. Қыркүйек айында бұл отбасыға қосылған Людмила мен Артем ағайынды екен. Қарындасына қамқорлық танытып жүрген Артемның арманы көп. Мамандығын да таңдап қойған. Болашақта әлемге танымал спортшы болғысы келеді. Қазір екеуі де №15 орта мектепте оқиды. Жаз айында Азамат Ғимранұлы үйдің барлық төбелерін қырып, әктеп, қабырғаларын бояп, терезелердің сыртқы бетінің өңін келтірген. Үйлерінің жаңарғанына балалар да дән риза.

 «Бізді ешкім мұнда күштеп әкелмейді»

          Біз келесі аялдаған №8 коттедж кең әрі жарық көрінеді. Өйткені бұл үй белсенді кәсіпкерлер Ляна Тұрсынова мен Балзия Евенееваның қамқорлығында. Ляна Алексейқызы үйдің түсқағаздарына дейін өзі таңдап, ұсақ-түйегіне дейін мән береді екен. 

      Сегіз баланың анасы Баян Аймұратованың осы салада еңбек еткеніне 30 жыл болған. Қазір 7 ұл бала мен бір қыз тәрбиелеуде.  Үлкені Нұрбол 15 жаста болса, кенжесі  Дмитрий небары 6 жаста. Жанұя мүшелері түгелдей дерлік спортқа бейім.  Қос кәсіпкер  баспананың бабын келістіріп, төбелерін қырып, әктеп, есіктерін түгел жаңалапты. Барлық бөлменің жабындарын ауыстырған.

– Балаларға өз өмір жолдарымызды мысал етіп, оларды еңбексүйгіштікке баулимыз. Оларды бар жанымызбен, жүрегімізбен түсінуге тырысамыз. Бізді ешкім мұнда күштеп әкелмейді. Аз уақыт ішінде біраз жұмыстар атқарылды. Барлық коттедждердің маңына ағаштар отырғызылды, оларды күтіп-баптау балалардың еншісінде. Тәрбиеленушілерді еңбекке баулу мақсатында қосымша шаруашылық ашу жоспарда бар.  Тағдыр тәлкегі кімді де болса аяй қоймасы рас. Дегенмен, жауапкершіліктің жоқтығынан өмірді өзіміз қиындатып алатын кездердің жиі болатыны тағы шындық. Әрбіріміз жалған дүниенің қызығына алданып, пендешілікке салынып жүре берсек, қоғам не болмақ?! – дейді депутат Ляна Алексейқызы. «Жетім» деп жәутеңдетпей, жомарт жанның мұндай қамқорлық жасап жатқанына балалар да дән риза.  Қоштасар сәтте бүлдіршіндер Ляна Алексейқызымен армандарын іштей жасырып, шарларын әуеге бірге ұшырды. Әр мереке, қуанышты сәттерінде жандарынан табылатын жанға балғындардың да әбден бауыр басқандары соншалық, қимай қоштасқанына  куә болдық.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
108 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
328 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
814 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1190 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1109 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1551 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2166 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2334 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2340 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2390 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2393 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2026 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2875 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2928 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2925 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3534 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3504 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3492 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3471 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3632 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3678 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»