8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2018 3863 0
Қоғам

ОЙЫ ҰШҚЫР ҰСТАЗ

«Ауылдан көшіп келгеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Шубин атындағы жалпы орта білім беретін мектепте   ұзақ  жылдар жұмыс істедім» деп бастады әңгімесін алғашқы танысқан сәттен Әлия апай.

– Зейнеткерлікке азғантай жылдар қалғанда ауылды тастап қалаға неге келдіңіз? – дедім іле-шала. Қалыңдау көз әйнегінің астымен жүзіме тура қараған ол күректей  дипломын  алып, мұғалім болып ауылға қайта оралған бір шәкіртінің «бізге де сабақтың сағаты  көбірек бұйырса» деген назын жерге тастай алмағанын айтып өтті.  Сол сәттен-ақ көп ойланбастан бәлен жыл қолтаңбасы қалған жылы ұясымен, алтын бесік ауылымен  қоштасып, Оралға біржолата қоныс тепкен екен. Бүгінгі таңда Әлия Есенқызы Қажығалиева  қаладағы №40 мектепте сүйікті сабағын беріп, мұғалімдік жұмысын жалғастырып жүр.

– Жақында такси тоқтаттым. Қарасам, өзімнің шәкіртім рөлде отыр. Бес жүз теңге беріп едім, «апай сіз маған ылғи үштік баға қоятын едіңіз. Сондықтан үш жүз теңге аламын» деді. Талабымның қаталдығын, бағаны да баланың біліміне қарап қоятынымды ұмытпапты. Әлгі шәкіртімнің сөзін елеместен бес жүз теңге беріп кеттім, – деп күліп жіберді. Әлия апайдың  әңгімесі мені қызықтыра  түсті.  Қолына ұстай келген қызыл папкасына да үңіліп үлгердім. Ең бірінші бетіндегі «Ақын қазасына» деген өлең жолдарына көзім түсті.  «Мен ақынмын. Әулие емен, бақсы емен. Деп айтушы ең Қадыр аға жақсымен. Енді міне, ел есінен шықпайтын болып қалдың мәңгілікке жақсы өлең» деп бастапты арнауын Әлия Есенқызы.

Сұраулы жүзімді іштей аңғарғандай: – «Қазақтың Қадыры атанған» Қадыр ағаны пір тұттым. Ол кісімен көзінің тірісінде талай рет кездестім. Туған топырағы  Сырым ауданына әр сапары сайын келіп тұратын. Қадыр Мырза Әліге арнаған өлеңдерім өте көп.  Облыстық «Қадыр оқулары» сайысына да талай шәкірттерімді дайындап, алып келдім. Ақынның өлеңдерін оқушыларым жатқа айтатын. Өзім де «Қадыр сабақ понарамасының тақырыптары», «Қадыр поэзиясы және өнеге буын» атты ашық сабақтарға қатыстым. Қадыр ағаны әлі күнге сағынышпен еске аламын. Ақынның рухымен тілдесемін, – деп күрсінді қарапайым ұстаз.

«Мен ауылдың қызымын», «Өмір қағидасы» атты кітаптары  басылып шыққан, сол секілді   «Жылы  сөз тентекті де тезге салар», «Сырым еліне хат»  мақалалары басылым беттерін көрген, бірнеше әдістемелік құралдары бар ұстаз сөз өнеріне жастайынан құмартып өскен екен.  «Анасын көріп, қызын ал» демекші, қыздары  да өзі секілді қызыл тілге тәнті болып,  мақалалар жазыпты. Үлкені  Айнат  Алматыдағы «Хабар» телеарнасында журналист болса, Айзаты да осы саланы  меңгеріпті. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген,  34 жылдық педагогикалық өтілі бар Әлия Есенқызының кейбір қолжазбаларын оқи отырып, адамзаттың баласын, еліміздің ұрпақтарын тәрбиелеп жүрген ұстаздар қауымы көкейдегі  ойларын осылай қағаз бетіне жазып жүрсе, бір-бірімен тәжірибе алмасса  деген ойға келдім.  Қырық бес минутын қалай-солай өткізбейтін,  сүйікті сабағымен қоса күнделік жазып,  қоғамның бір тұлғасы ретінде өзіне жауапкершілікпен қарайтын, ойы ұшқыр ұстаздың кейбір ой-пікірлерін жариялауды жөн көрдім. Бәлки, әріптестері бір кәдесіне жаратар…

Нұрай ҚАЙЫРОВА

 

«Мұғалім көбіне оқуға көңіл бөлетіні рас. Әйтсе де, әр мұғалім сабақта бала тәрбиесіне байланысты кемі үш сөйлем болса да айтатыны ақиқат. Балаға шын жаны ашитын сырласатын, мұңдасатын, жұбататын екінші анасы – сынып жетекшісі. «Алдыңғы жақсы кейінгі жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» дейді Мұхтар Әуезов. Отыз жылдан астам ұстаздық еңбегімде қиындықты да, қуанышты да көрдім. Қимай қоштасып, кездескенде қуанып сәлем беретін шәкірттерімді көргенде еңбегімнің еш кетпегеніне тәубә деймін. Өзім балаға ұрсып, дауыс көтеріп сөйлемеймін. Мұндай мұғалімдерге қарсымын. Өйткені әр бала – бөлек дүние. Оларды тек жылы сөзбен, мейірімді көзқараспен бағындыра аласың. Шын жүректен шыққан текті сөз тентекті де тезге салады.

***

Өзім көпбалалы анамын. Төрт қызым, үш немерем бар. Ал сыныпта шәкірттерім мені сағына күтіп жүр. Олар да өз балаларымдай. Сондықтан өзімді бақытты ана санаймын.

 

***

«Тілдің негізгісі – халық. Ең үлкен ұстаз да сол. Біз соның шәкіртіміз. Бірақ та халық күнделікті ауызекі тілде өзінің бүкіл сөздік қорын түгелдей толық пайдалана білмейді» деген екен Қадыр Мырза Әлі.  Сіздің өлеңдеріңіз адамгершілік аясын әлпештеп, тәубәсізді тәңірге,  қайырымсызды қайырға, арамды адалға,  жамандықты жақсылыққа жүгіндірген еді ғой. Тіліміздің сұлулығын, ойнақылығын, шымырлығын, нәзіктігін біле тұра, сол тілді  әрлей түсуді, жоғары деңгейге көтеруді оқсата алмай келеміз-ау деп ойлаймын. Арман болса үмітке жетелер, ащы болса тәтті етер, ауыр болса сүйектен өтер – тіл емес пе?

***

Дүниеде нені арман етсең де ізденбейінше, еңбектенбейінше, өз-өзінен келіп қолыңа түспейді. Адам өмір бойы өзгелерден үлгі алады. Жаманға қарап ойланады, жақсыға қарап өзін салыстырады. Тек қана үйрену мен еңбектену арқылы замандастарыңнан биіктей аласың. Өмірдің өзі оқу. Өткенді ой елегінен өткізіп, санаңды  жұмыс істеткізіп, қорытынды жасап отыруың керек. Онсыз да мына өмірде көп нәрсе жоғалтудамыз. Өмірдің  қадірін  түсініп, өкінбейтіндей етіп өткізу адам баласының парызы!

Сыйса егер өмір сыры бір жаныңа.

Ой таста ол жағың мен бұ жағыңа.

Аумағын алақанда еркін ойнат,

Көнбессің сонда тағдыр қылжаңына, – деп  Қасым ағамыз айтқандай, өмірлерің   ұзақ болсын, ағайын.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
99 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
156 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
394 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
876 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1254 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1152 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1613 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2229 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2401 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2452 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2457 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2067 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2936 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2990 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2984 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3597 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3565 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3556 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3532 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3692 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»