8 жоба аясында 16 шақырым жол жөнделді
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл шаһардағы көше жолдарын жақсарту мақсатында 8 жоба жүзеге асырылып, оның аясында шамамен 16 шақырым жолды жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстардың жартысынан көбі орындалды.

Алдымен облыс әкімі Школьная көшесіндегі жол жөндеу барысын бақылап көрді. Бұл аумақта шамамен 1 шақырым жолдың жабындысы жаңартылуда. Жұмыс барысында жолдың беріктігін арттырып, қызмет ету уақытын ұзартуға мүмкіндік беретін заманауи технология пайдаланылған.
Аймақ басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстардың басты мақсаты халықтың тұрмыс сапасын арттыру екенін айтты. Сонымен қатар ол тұрғындарды өз аулаларының тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Нариман Төреғалиевтің айтуынша, қаланы көркейту ісіне тек коммуналдық қызметтер ғана емес, тұрғындардың өздері де белсенді түрде атсалысуы қажет. Әсіресе жеке секторда тұратын азаматтар аулаларын жаз мезгілінде шөп-шаламнан, ал қыс кезінде қардан уақытылы тазалап отырғаны маңызды. Мұндай жауапкершілік қаланың тазалығын сақтаумен қатар, жауын-шашын немесе қар еріген кезде су басу қаупінің алдын алуға ықпал етеді.
Бұдан кейін облыс әкімі Сыбаға көшесіндегі жаңартылған жолды көрді. Мұнда ұзындығы 895 метр болатын жол учаскесі толықтай жөндеуден өткен. Аталған жобаны «Ануш құрылыс» компаниясы іске асырған.
Сонымен бірге Каримуллин көшесінде ұзындығы 1,5 шақырымға жуық жол бөлігін орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Нысандарды аралау барысында облыс әкімі қала басшылығына кәсіпкерлік нысандардың маңындағы аумақтардың тазалығына бақылауды күшейтіп, тиісті талаптар қоюды тапсырды.
Жол қауіпсіздігіне қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Тәртіп сақшылары аталған аумақта бейнебақылау камералары мен көлік жылдамдығын анықтайтын арнайы құрылғылардың орнатылғанын баяндады.
Жалпы биыл Орал қаласында 50-ден астам көшенің жолдарын жаңарту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда олардың 30-дан астамында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп үлгерген.

Соңғы жаңалықтар
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ
ЕГІНДІКӨЛДІКТЕР ЖОЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ
Конституция және жергілікті басқару: халық мүддесіне бағытталған шешімдер
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі
Қарашығанақ кен орнында өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ауқымды жоба аяқталды
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер

Кіру