8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2022 1783 0
Дені сау ұлт

ЖОО палуандары Жәңгір хан университетінде бас қосты

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өткен Қазақ күресінен жоғары оқу орындары студенттері арасындағы республикалық лиганың финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.

Екі күнге созылған палуандар жарысына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ерлер және қыздар командалары қатысты.

Жәңгір хан университетінде тұңғыш рет ұйымдастырылған спорттық іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған жоғары оқу орнының басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов жарыстың маңызына тоқталып, өз деңгейінде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына»,  Қазақ күресі федерациясының тұңғыш президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, спорт шебері Ерғали Мұхиддинұлына, БҚО қазақ күресі ассоциациясының президенті Әсет Сұлтанұлына, Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Мұратұлына алғыс білдірді.

Екі күнге созылған тартысты бәсекеде жалпы 7 оқу орнынан қатысқан командалар құрамында 56 палуан жігіт пен 28 студент қыз боз кілемде белдесті. Өз командаларының намысын қорғаған студенттер жақсы дайындықпен келгендерін байқатып,  барлық шеберліктерін аянып қалмады.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер және қыздар арасындағы қос бірдей жеңісті Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті қанжығасына байлап кетті. Жүлделі  2-орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ерлер және қыздар командалары жеңіп алды. Ал Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің палуан жігіттері 3-орынға табан тіресе, алаң иелері – Жәңгір хан университетінің қыздар командасы да осы тұғырдан көрінді. Сонымен қатар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті студенттері Әділбек Сеисов пен Риза Сүлейменова «Үздік техникасы  үшін» аталымымен марапатталды. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Елшат Құрбанов пен Павлодар педагогикалық университетінің студенті Гаухар Омар «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын иеленді.

Еске сала кетсек, ЖОО студенттері арасындағы республикалық лиганы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» қолдауымен университетіміздегі «Жәңгір хан» спорт кешені мен БҚО қазақ күресі қауымдастығы, Орал қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйымдастырды.

БҚАТУ медиа орталығы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»