8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2021 1528 0
Қоғам

ЖОЛДАРДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУ ҮШІН 23 ЖОБА ДАЙЫНДАЛУДА

Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков «Жайық үні-Жизнь города» газетіне «Қаламыздың даму жолында әр оралдықтың  еңбегі зор!» тақырыбында берген сұхбатында айтты. 

Шаһар басшысы сұхбатында  қала жолдарының жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылатынын жеткізді.

Қала бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 615 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальт-бетонды және қатқылтабанды жабыны бар жолдың ұзындығы – 422 шақырым. Бұл жалпы қалаішілік жолдардың 68,8 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта 11 нысан бойынша жол құрылысы жүргізілуде. Деркөл кентінің Сарыарқа шағын ауданында жолдарды асфальттау басталды, Сарытау шағын ауданында Зашаған кентінде жолдардың құрылысы аяқталуда.

– Өткен жылы қаламызда ұзындығы 65,5 шақырымға жететін 50 көшенің жолдары күрделі жөндеуден өтті. Атап айтсам, Зашаған кентінде – 18,9 шақырым, Деркөл кентіндегі Б.Майлин көшесі – 1,3 шақырым, қаланың орталық көшелерінде – 12,6, қаланың солтүстік-шығыс ауданында – 10  және Ет комбинаты ауданында – 9,4 шақырым жол жасалды. Қазіргі таңда 13 нысан бойынша жол құрылысы жүргізілуде. Деркөл кентінің Сарыарқа шағын ауданына жол салынуда, биыл 10,3 шақырым асфальт төсейміз. Сондай-ақ Зашаған кентіндегі Сарытау шағын ауданына жол салу жұмыстары аяқталып келеді. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда жолдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін 23 жоба жасақталуда, – деді Абат Абайұлы.

Жаңа жолдар бес жылдық кепілдікпен салынады. Осы мерзімде анықталған ақауларды қалпына келтіруге мердігер жауапты. Бұдан бөлек  салынып жатқан құрылыс нысандары бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК-мен келісім жасалған. Тәуелсіз сарапшылар жол құрылысы орындарына барып, тексеру  жүргізіп, қорытындысын әкімдікке ұсынады. Сәйкесінше, мердігерлерге  беріліп, дер кезінде  қалпына келтіру  шаралары қабылданады.

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»