ЖЕРЛЕСТЕРІ ЕРЖАН МАКСИМДІ ҚҰРМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫ
30 сәуір күні батысқазақстандықтар «Орал» халықаралық әуежайында «Голос.Дети» тележобасының вице-чемпионы Ержан Максимді күтіп алды.

Ержанды күтіп алуға туыстарымен қатар қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Сайран Дүйсентегі, мәдениет саласының қызметкерлері, ұстаздары мен сыныптас-достары және жас дарынның жанкүйерлері жиналып, ұшақтан түскеннен-ақ қошемет көрсетті.
– Тележобаға қатысқаныма қуаныштымын және әділ өтті деп санаймын. Әрине, көңілім түсті. Бірақ, екінші орын алғаным дұрыс болды деп ойлаймын. Егер бірінші орын алған болсам, барлығы мені құттықтап, кейін ұмытып кетер еді. Ал қазір бәрі мені қолдауда. Туған жерімді, үйімді сағындым. Бұл байқаудың маған бергені көп болды. Маған қолдау көрсеткен жанкүйерлерімен рахметімді айтамын. Алдағы уақытта да байқау, концерттерге қатысамын. Қазір ұсыныстар көп түсуде. Италияға, Ұлыбританияға оқуға шақырды. Ресейлік сазгер Игорь Крутойдан ұсыныс болса, Мәскеуге көшсек деймін. Олай болмаса, еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударуымыз мүмкін, – деді Ержан Максим.
Ержанның анасы Гүлмира Әлібек бірер күн бұрын ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуде Нұр-Сұлтанға көшу туралы ұсыныс болғанын, бірақ бұл әлі де отбасы мүшелерімен кеңесе қабылданатынын жеткізді.
– Ержанның музыкалық білім деңгейін көтеріп, өсуі қажет. Сондықтан ұсыныстан бас тартпағанымыз жөн болар. «Голос.Дети» өте жоғары деңгейдегі байқау. Екінші орын болғанымен, Ресей халқының оң пікір білдіріп жатқанына қуандық. Қорытындыны хабарлағаннан кейін-ақ Ресейдің белгілі жұлдыздары Ержанға жылы сөздерін айтып, қолпаштап жатты. Шынайы ықыластарына бөлендік. Сол себепті еш өкпеміз жоқ, – деді Гүлмира Әлібек.




Айта кетейік, Ресейдің бірінші арнасында өткен «Голос.Дети» тележобасында жерлесіміз екінші орын алған болатын. Бірінші орын әнші Алсудың қызы Микелла Абрамоваға берілді. Бірақ, көпшілік мұның әділ болмағанын, қазақстандық өнерпаз жеңіске жетуі тиіс екенін айтып, наразылықтарын білдірген еді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу