ЖЕҢІС КҮНІ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Бүгін Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай қаладағы көпбалалы отбасылар баспаналы болды.

Ықсанов көшесі 44Б мекенжайы бойынша орналасқан жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін қала әкімі Мұрат Мұқаев табыстады. Шаһар басшысы Елбасының «Нұрлы жер», «Бақытты болашақ» бағдарламалары аясында үйлі болғандарды Рамазан айымен және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Мұрат Рахметұлының айтуынша, биыл мамыр мерекелерінде қалада 20 отбасына пәтер кілті табысталған. Олардың басым көбісі көпбалалы аналар. Жалпы өңірімізде екі мыңнан астам пәтердің құрылысы қарқынды жүруде. Оның бір мыңдайы кезектегі азаматтарға, яғни көпбалалы, жалғызбасты аналарға берілмек. Жаңа қонысқа орналасқан алты баланың анасы Мәншүк Қапшығалиеваның қуанышында шек жоқ. Ал Меңсұлу Нұркенова жаңа баспанасын 32 жыл күткенін айтады. – Осы уақытқа дейін тар жатақханада тұрып келдім. Жолдасымның мүмкіндігі шектеулі. Ұлы Жеңіс мерекесі күні екі бөлмелі пәтерге қол жеткізіп, қуанып жатырмыз. Біз секілді бақытты жандар қатары көбейе берсін, – дейді ол.
.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу