«Жүзден бірінің ғана табысы миллионнан асады»

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтардың шамамен 36%-ы 150 мың мен 300 мыңға дейін табыс табады.
Он жұмысшының үшеуінің айлық табысы 300-ден 600 мыңға дейін жетеді. Әрбір бесінші адам 70 мыңнан 150 мың теңгеге дейін алады. Ал 1,5% адам одан да аз айлық алып жүр. Халықтың жүзден бірі ғана бір жарым миллион теңге жалақыға жұмыс істейді.
Еліміздің орта деңгейдегі тұрғыны 250 мыңнан сәл көп ақшаға күн көреді. Алайда соңғы есептеулер бойынша орташа жалақы 365 мың теңгеден асты.
Сенатор Мәкежанов премьер-министр Смайыловқа берген өтінішінде 365 мың жалақы алатын адамның өзіне баспана алу қиын екенін айтты. Елімізде үйдің бір шаршы метрі орта есеппен – жарты миллион теңге. Сенатордың мәліметінше, үй алатындардың 80%-ы оны ипотекаға алады.
“Өткен жылдың өзінде тұрғын үйді жалға алу құны 30%-ға өсті. Мысалы, Алматыда бір шаршы метр тұрғын үйді жалдау құны шамамен 5 мың теңгеге тең. Яғни ауданы 40 шаршы метр пәтерді жалға алу бағасы шамамен 200 мың теңге болады. Бұл өте қымбат, сонымен қатар халықтың несиеленуіне әкеледі”, – деді депутат Сұлтанбек Мәкежанов.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру