8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2019 1730 0
Қоғам

Ж.МҰСТАФИНА: «МИРАНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІН ЖАҚСЫ БІЛЕМІН»

Х.Бөкеева атындғаы қазақ драма театрында Тасқала аудандық  халықтық театры қойған жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» пьесасын сахналады.

Жібек  МҰСТАФИНА,

Мира Хамзақызының алғашқы ұстазы:

– 1975 жылы мен Мираны бірінші класқа қабылдадым. Әлі есімде, анасы Базар тұлымшағы желбіреген, сүйкімді кішкентай қызды жетектеп алдыма әкелді. Анасы Базар өте сұлу, сымбатты, ортасына сыйлы адам болатын. Әкесі жүрген жерін думан ететін әзілқой, елдің адамы еді. «Баланы жастан» демекші, әр ұстаз талантты шәкіртін жаңылмай таниды.   Алғашқы ұстазы ретінде мен де әу бастан алдыңғы партада отыратын оқушымның ертеңінен көп үміт күтетінмін. Сыныпта өте белсенді болды, өзгелерден ерекшеленіп тұратын. Сенімім алдамады.

Мираның бес кітабының да алғашқы оқырманы өзім. Тіптен, бөлмемнің төрінде тұрған кітаптарын өзім жазып шыққандай жүрегім тулап, қуанып отырамын. Үйге келген кісіге мақтанышпен оқуға ұсынамын. «Ұстаздан шәкірт озар» деген, алдымнан өткен шәкірттерімнің ішіндегі таланттыларының бірі –  Мира қызым. «Мен сіздің шәкіртіңізбін» деп алдыма келгенінің өзі – ұстаз үшін шын бақыт.

Театрда Мираның «Ар азабы» драмасы қойылады дегеннен-ақ тамашалауға асықтым. Көңілімнен шықты. Маған әсер еткені соншалық, соңына дейін көруге жүрегім ауырды. Өйткені, Мираның шығармаларының кейіпкерлерін жақсы білемін, көз алдыма елестетіп отырамын. Көз көрген жандар. Мәселен, «Үш төмпешік» кітабының кейіпкерлері де ауыл адамдары. Сондықтан, жүрекпен сезінбей, тебіренбей оқу мүмкін емес.

Шәкіртіме шығармашылық табыс тілеймін, жазары таусылмасын. Мираның өмір жолы да өзгелерге үлгі боларлық. Еңбегі жана берсін.

«АР АЗАБЫ» — ҚОҒАМНЫҢ БІТЕУ ЖАРАСЫ!

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»