Тұрғындардың уәжі тыңдалды
Қазанның 23- і күні √30 ЖОББМ- де Орал қаласының әкімі М.Байменов зашағандықтармен кездесті.Жиынға бөлім басшылары,қалалық мәслихат депутаттары,тұрғындар қатысты.Алдымен Зашаған кентінің әкімі А.Әубәкіров кенттегі атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады
Содан соң тұрғындар балалардың мектепке қатынап келетін «Газель» көлігінің тарлық ететіні , оқушылар өтетін арықты бітеу керектігі,қоқыс полигонының адамның денсаулығына зияндылығы және «Көктем» шағын ауданындағы Қобыланды батыр көшесіне жөндеу қажеттігі секілді қордаланған мәселелерді жеткізді. Бұл ретте қала әкімі М.Байменов аялдама салуды жедел түрде қолға алу керектігін айтып, ЖКХ өкілдеріне тапсырма берді. Сондай- ақ Зашаған кент әкімі А.Әубәкіров жоспар бойынша енді Қобыланды батыр көшесіне жөндеу жасалатынын айтты.Бұдан бөлек Асфендияров көшесіне щебень төселіп, алдағы уақытта біртіндеп барлық көшеге жөндеу іске асатынын түсіндірді.Негізінде халқы көп шоғырланған кентке √6 емхананың тарлық екені сөз болды. Тұрғындардың қордаланған мәселелері бойынша шешімдер қабылданып,тиісті органдарға тапсырма берілді. Жиынның соңында қала әкімі М.Байменов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті
За десять лет производство электроэнергии из ВИЭ в Казахстане выросло более чем в 16 раз
Конституция және қоғамдық келісім: тұрақтылықтың негізі – бірлік пен өзара құрмет
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Кіру