8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2019 4618 0
Қоғам

Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА: «ҚАРАТӨБЕНІҢ ҚАСИЕТІНЕН ҚОРҚАМЫН»  

«Үйреттің тік жүруді шашақтанбай,

Баққа да, бақытқа да масаттанбай.

Туған жер мен өзіңнен қуат алам

Болдырған атқа құйрық асатқандай». 

Осылай  деп жыр жазып, киелі Қаратөбесі десе жүрегін жұлып беруге дайын,  Шоқан ағама қайнатып қою күрең шәйін, ақыл-кеңесін беретін елге әрдайым, өнердің түсінетін салмағын, шуаққа бөлейтін жан-жағын Шолпан Қыдырниязова анамыз,  әжеміз, жеңгеміз, әпкеміз, ақынымыз мерейлі 70 жасқа  жарқырап жетіп отыр. Қазақ ССР-інің  еңбек сіңірген  мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы», дәстүрлі айтыс өнерінің ақберені Шолпан Батырқызына желпініп жеткен жетпістің Сізге сыйлар жетістігі көп болсын дей келіп, арамызда өрбіген сыр-сұқбатты оқырман қауыммен бөлісуге  асыққан едік. 

 

– Шолпан Батырқызы, бәрімізді жаратқан бір Алла ғой. Дегенмен, қоғамда қарапайым әйелден өнердегі әйелдің  айырмашылығы неде деп ойлайсыз? Көпшіліктің  арасында Сізді  өзгелерден  қандай ерекшелік бөліп тұрады?

– Анамнан алған тәлім-тәрбиемді үнемі жадыма ұстап,өмірімнің өзегіне айналдырып өскен адаммын. Анам «Ерді еңбекке, әйелді бейнетке жаратқан» деп үнемі айтып отыратын. Әйел дұрыс болса, азаматтар да дұрыс болады дейтін. Жалпы, өнердегі қыз-келіншектер мен  қоғамдағы әйелдерді салыс-тырмалы түрде қарайтын болсақ, табиғи таланты, ақыл-ой парасат иесі, мәдениетті, өзіндік көзқарасы мен ұстанымы бар өнер жолында жүрген әйелдің жүгі екі есе ауырлау болады, кейде біз осыны түсінбей  жатамыз. Мектеп бітірген жылы әкемнің аурулығына және өзімнен үлкен ағамның институттың төртінші курсында оқуына байланысты  замандастарым Орал қаласына оқуға кеткенде екі көзім жәудіреп  анама қолқанат болу үшін ауылда қалып қойдым. Еңбек жолымды аудандық «Еңбек туы» газетінде тілшіліктен бастадым.  Газетте жұмыс жасай жүріп, ауылдың тыныс-тіршілігі, еңбеккерлер жайлы мақалалар жаздым,адамдармен жұмыс жасаудың әліппесін үйрендім, алғаш айтысқа қатыстым, қалам мен домбыраны қатар ұстадым. Өзгеден бөліп тұратын ерекшелік  осы болар.

– Иә, келін болып босаға аттадыңыз. Бөпелеріңіз де кішкентай болды. Өнер мен отбасын қатар ұстап жүру үшін кімге арқа сүйедіңіз?

– Ең алғаш рет 17 жасымда ауданда өткен ақындар айтысына қатыстым. 1967 жылы оқуға түстім.  Жалпы менің өмір жолым соңымнан ерген  иә  алдымда жүрген өнердегі қыз-келіншектерге қарағанда сәтті болды. Бәлендей қиындық көрген жоқпын. Бұл Алланың берген сыйы  деп бағалаймын. Себебі мені анам әрқашанда өзімнің орнымды білуге, сыйласқанды сыйлауға, азаматты қадірлеуге, асығыс шешім   алмауға,  сабырлылыққа,  төзімділікке  тәрбиеледі….

Сұқбатты толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 18 сәуір күнгі №15 санынан оқи аласыздар.

 

Сұқбаттасқан Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА 

Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА: «ҚАРАТӨБЕНІҢ ҚАСИЕТІНЕН ҚОРҚАМЫН»

Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА: «ҚАРАТӨБЕНІҢ ҚАСИЕТІНЕН ҚОРҚАМЫН»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»