8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қыркүйек 2018 2384 0
Қоғам

СЕРЕБРЯКОВТА ЖАҢА МЕШІТ

Круглоозерный кенті Серебряков ауылының тұрғындары  бұдан бұлай Алланың қасиетті үйіне мінәжат етуге қалаға сабылмайтын болды. Өйткені жеке кәсіпкер, «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы Жұмабай Әйтуев тұрғындардың сұранысы бойынша ел игілігі үшін ауылдың дәл іргесінен 150 орындық жаңа мешіт тұрғызды. Халықты имандылыққа, ізгілікке шақыратын берекелі шаңырақтың ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз  қатысып, жамағаттың жағымды жаңалығын бірге бөлісті.

– Құрметті жамағат! Алла тағала қасиетті құранда  «Алланың ризалығы үшін мешітті бірінші Алла тағалаға күмәнсіз иман келтірген пенделер, қиямет күніне сөзсіз сенген жандар, намазын, құлшылығын орындап, несібесі мен ырыздығына береке тілегендер салады» дейді. Олай болса сол Пайғамбар үмметінің  үлкен сауапты амалының бірін бүгін халық болып, сіздердің қолдауларыңызбен, шынайы тілектеріңізбен Жұмабай Ісқабылұлы жүзеге асырып отыр. Бұл да болса, еліміздің бірлігі мен ынтымағының нәтижесінде жасалуда. Мешіт баршамызды имандылыққа, ұрпағымызды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелейтін ізгіліктің ордасы болады. Өз сапарымда мешіттің ашылуына куә болғаным үшін, сіздермен жүздескенім үшін шүкірлік айтамын. Ақ Жайық жеріне Алланың нұры жаусын. Көнекөз қарияларымыз аман болсын. Атасын, анасын сыйлайтын, обал мен сауапты білетін ұрпақ өсіп-өнсін. Мешіт жамағатқа толсын. Осындай садақа жасаған азаматтарымыз көп болсын,  – деген бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан мешіттің имамына қасиетті құранды аманат ретінде табыстап, құран жаппайтын қари болуға шақырды. Белгілі сазгер, өнер қайреткері   Жәкен Омаров имандылыққа шақыратын термелер шырқап, жұртшылықты ұйытты.

Бұдан соң көпшілік ғибадат үйіне еніп, иман сәулесін шашқан орданың ішкі келбетін тамашалады.  Алдағы уақытта мешіт ел-жұртқа тек ізгілікті насихаттап, діннің тағылымын асқақтата түсетін болады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Бәдиша БЕРІКҚАЛИЕВА, ауыл тұрғыны:

–    Мешітті тұрғызған азаматқа зор алғысымды білдіремін. Болашақта киелі орын жастарға рухани-тәрбие беріп, дәстүрлі дінімізді насихаттайтынына сеніміміз мол. Мешіттің ашылуын асыға күттік. Өйткені қала орталығындағы мешіттерге жету аздап қиындық тудыратын. Енді міне, халықтың қалауы орындалып, Алланың жердегі үйі ауылымыздан ашылды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»