8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Наурыз 2019 2813 0
Қоғам

Сұлужан ТАУБАЛДЫ: «Оралым, амансың ба, көрікті ордам?»

5 наурыз күні Орал қаласында өткен «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысында  көрермендер ең  жас ақын Сұлужанның айтысу өнеріне көпшілік тамсанып, айрықша қошемет білдірді. Небәрі 25 жастағы бойжеткен Қытай елінен ата-жұртқа оралған қандасымыз екен. Бүгінде Қазақ ұлттық универсеттінде дәстүрлі ән кафедрасының 4-курсында оқиды. Болашақ  дәстүрлі жыршы бұған дейін де республикалық мүшәйралардың жүлдегері атанып үлгерген. Ырысжан, Саралардың жырдан өрген жалғасы Сұлужан Таубалдықызы бұл айтыста Маңғыстаудың ақыны Арғынбек Қалбаймен жұптасып, қыз бен жігіт айтысының дәстүрін жалғады.

«Жауларын жасқанбай-ақ жеңіп болған

Батасын ұрпақтарға беріп болған,

Оралым, амансың ба, көрікті ордам?

Бұл елдің ақсақалды аталары

Тұлпар мен ақ найзаға серік болған.

Бұл елдің ақ жаулықты аналары

Қасқырдың жүрегіне жерік болған.

Исатай, Махамбеттей ерлер туып,

Ежелден босағасы берік болған.

Дәулеткерей, Құрманғазы аталарым,

Күмбірлі күйін төккен көрікті ойдан…» – деп Жайық жеріне арнауын жеткізген Сұлужан:

«Ел өзі танып алар дараларды

Пейілі ағы мен қараларды

Бір үйден бес бірдей қыз жанып кетіп,

Толғантты елім деген ағаларды.

Көп балалы аналар көтеріліп,

Ханға да, қараға да қарамады.

Заң жүзінде барлығын реттеді

Елбасымдай елімнің қара нары!

Қазағымның қайғысын жеңеміз деп

Министрлер шетінен жаңаланды.

Бес жыл бойы түк бітірмей жүрген жандар

Бес қыздың қазасынан сабақ алды.

Үкіметке жаңа келген біліктілер

Дамытсын ауыл менен қалаларды

Көп балалы аналарға үй берсе екен,

Бақытты етпесе де бар адамды.

Халықтың сенімінен шығам десе

Ешқашан жылатпасын аналарды», – деп назын білдірді.

ОРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

ОРАЛДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
101 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
75 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»