ӨРТКЕ ҚАУІПТІ АУДАНДАР ӘУЕДЕН БАРЛАНДЫ
Әуеден барлау Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше аудан мен Орал қаласы аумақтарында жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысында облыстық өртке қарсы штаб аймақтың өрт қауіпті учаскелеріне аэровизуалды барлау жүргізді. Ұшу Тасқала, Ақжайық, Теректі, Бәйтерек ауданы және Орал қаласы аумақтарында жүргізілді.
Батыс Қазақстан облысының ормандарында өртке қауіпті маусым 15 сәуір күні жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, осы уақыт ішінде өңір аумағында 684 га алқапта 30 жану тіркелді, олардың барлығы дер кезінде анықталып, ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны азайды. Орман өрттері тұрақты бақылауда.
Көптеген тұрғындар демалыс күндері табиғат аясында су айдындары мен өзен жағалауында уақыт өткізіп, балық аулауға және демалуға шығады. Мұндай уақыт өткізу түрінде көбінесе от жаылады, ал бұл табиғи өрттердің себебі болуы мүмкін.
Жанудың негізгі себептері тұрғындардың отпен абайсыз болуы және құрғақ шөптерді рұқсатсыз жағуы болып табылады. 2018 жылы апта сайын демалыс күндері БҚО ТЖД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері БҚО ІІД ЖПҚ-мен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған жерлерде от жағу фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде 486 мың 975 теңге сомаға айыппұл түріндегі хаттамалар толтырды.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу