РЕЖИССЕР М.ЖҰМАҒАЛИЕВ: «АР АЗАБЫМЕН» ЕКІ АЙ «АУЫРДЫМ»
20 мамыр күні Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тасқала аудандық халық театры жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасын сахналады. Қойылымның режиссері Мағжан Жұмағалиев осы шығарманы сахнаға қалай дайындалғаны туралы айтып берген еді.

– Ауылымыздағы кітапхана қызметкерлері жаңадан шыққан жақсы кітап бар деп, М.Шүйіншәлиеваның «Ар азабын» ұсынған болатын. Алдымен жолдасым оқыды, одан соң мен танысып шықтым. Оқи отырып, сахнаға шығару туралы ой келді. Толық оқып, мазмұнымен танысқаннан бастап осы шығармамен «ауырдым». Екі ай көлемінде жұмыстанып, үшінші айда сахнаға алып шықтық. Бұл менің алғашқы дайындаған үлкен жұмысым. Әрі бұрын ешкім сахналамаған, жерлесіміздің туындысы болғаннан кейін ықыласым ерекше болды. Рөлдерді бөліп, бас кейіпкер Ғаділбекті өзіме қалдырдым. Қойылымның сәтті шығуына труппаның көп көмегі тиді. Әр дайындықта ойға ой қосып отырды. Ақпан айында Тасқала аудандық Мәдениет үйінде сахналадық. Көрермен бірден жылы қабылдады, жақсы пікірлерін айтты. Біразға дейін ел аузында жүрдік. Кейбір апаларымыз көрген жерде: «Сол кеште көңілім босап, сахнаға шығып рахметімді айта алмадым» деп баталарын берді. «Жақсы сөзге жан сүйсінеді» деген, еңбегіміздің ақталғанына шын қуандық. Облыс орталығына осы пьесамен шақырған кезде абдырап, тосылып қалғанымыз рас. Өйткені рөлдерді ойнайтын әртістердің бәрі бірдей кәсіби актер емес. Әрі шығарма авторының алдында және облыстағы көрерменнің алдында ойнауға жүрексіндік.
Автор бұл туындысында қоғамның шындығын жазып шыққан. Сахнаға шығарғанда ықшамдалғанымен, жазушының әр адамның көкірегін оятардай, жүрегіне жеткізердей етіп жазған өткір сөздерін қысқартпауға тырыстық. Осы қойылымды көргендердің «Біздің баламыз қалай, қайда жүр? Кіммен араласады екен?» деген ой-сезімін оята алсақ – автордың да, біздің де мақсатымыздың орындалғаны. Өмірде болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамауымыз керек, – дейді Мағжан Жұмағалиев.
Жазып алған Е.АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу