Қ.РАХМЕТОВ: «ТӘКАППАР АДАМНЫҢ ОБРАЗЫН ШЫНАЙЫ ӨМІРДЕН ІЗДЕДІМ»
20 мамыр күні Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тасқала аудандық халық театры жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасын сахналады. Мағжан Жұмағалиевтың режиссерлығымен сахнаға шығарылған туындыда Тасқала ауданындағы «Намыс» жастар қоғамдық бірлесітгінің төрағасы Қамбар Рахметова бай, кез келген мәселені ақшамен шешуге дайын әке Аянның рөлін сомдады.

– Бұл, халық театрындағы екінші рөлім. Бәріміздің негізгі жұмысымыз басқа. Бірақ, біздің бір бүйіріміз сахнаға тартып тұрады. Бала кездегі арманым болған актерлікті дипломсыз-ақ шамам келгенше көтеріп жүрмін. Режиссеріміз «рөлді өзің сезінбейінше, бойыңа сіңірмейінше, халыққа жеткізе алмайсың» деді. «Ар азабында» маған қалталылармен ғана достасатын, тәкаппар, қыдырымпаз, барлық мәселені ақшамен шешетін, үйдегі ұлы әкесімен бәсекелесіп байлық қуса, қызы Бота тәрбиеден жұрдай әкенің рөлі тиді. Мен шынайы өмірден осы образды іздедім. Расында біздің қоғамда шіренген байсымақтар көп. Солардың іс-әрекеттерін «ұрлап» бойыма сіңіруге тырыстым. Топтық дайындықтан бөлек, көшеде, үйдегі айнаның алдында қимыл-қозғалысымды, әр сөзімді жүйелеп, жеке дайындық жүргіздім. Маған қиындық туғызғаны, қызымның өзгеден аяғы ауыр болып, алданып қалғанын естіген сәтті көрсету болды. Біреудің сүттен ақ, судан тұнық баласы Ғаділбектің кластасы болған қызыма аяқ астынан алданып қалғаны, маған асығыс той жасатқаны жүрегімді ауыртты. «Бөріктінің намысы бір» деген, күйеубалам Ғаділбекті ақшасы жоқ, кітаптан бас алмайтын оқымысты деп менсінбесем де оның алдында өзімді кінәлі сезіндім. Аян болып образға енген сайын Ғаділбектің тағдырын ойлап, күйзеліске түстім. Мұндай оқиғалардың өмірде көп кездесетіні рас.
Ауданда сахналаған бір бөлек те, облыстық театрда қалың жұртшылықтың қошеметіне бөленудің сезімі ерекше екен. Зал толы көрерменнің ұзақ қол соққанынан көңілім марқайып, өзіме разы болдым, – дейді Қамбар.

Жазып алған: Е.АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу