ОРАЛ – КОСТРОМА. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯДЫ
Орал мен Кострома облысы арасындағы ынтымақтастық нығая түспек. 10 қыркүйек күні Орал қаласы әкімі М.Мұқаев пен мен Ресейдің Кострома облысының басшысы Ю.Журин әріптестікті нығайту жөніндегі меморандумға қол қойды. Қала әкімдігінде өткен ресми рәсімде әріптестіктің басты бағыттары талқыланды.

Қос елдің басшылары аралық әріптестіктің оң болуын әр кез назарда ұстайды. Сәйкесінше, облыс әкімдігі тарапынан мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, Ресейдің шекаралас облыстарымен өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы жұмыстар жүргізілуде. Кострома облысының өңірімізбен қарым-қатынасы бұған дейін орныққан. Жиын барысында қала әкімі Мұрат Мұқаев айтып өткендей, осы жылдың қаңтарында біздің делегация Кострома қаласында іс-сапармен болған. Ал костромалықтардың Оралға келуі сол бастаманың игі жалғасы. Қонақтар осы іс сапар барысында бірнеше сауда-өндіріс ошақтарының тыныс-тіршілігімен де танысты.
– Серіктестікті дамыту үшін маңызды негіздер бар. Біздің қалалардың халқының саны да, өмір сүру қалыбы да ұқсас. Мұндай байланыс өте маңызды. Өйткені екі ел де даму тұрғысынан қатар келеді. Аймақтық деңгейде нақты байланыстың болуы – жергілікті, республикалық және федералдық тұрғыда экономиканы, әлеуметтік сала мен мәдени дәстүрлерді дамытуға мүмкіндік береді. Бірнеше күннен бері Орал қаласы аумағында болып, қала туралы жақынырақ білдік. Тарихымен таныстық, бас мерекесін қалай тойлайтынын көрдік. Жұмыс бабымен бірнеше сауда орындарында болдық. Сауда орындарында костромалық өндірушілердің өнімдерінің болғаны бізді қуантты. Мәселен, біздегі маңызды саланың бірі – зергерлік кәсіп. Барлық дерлік өндірушілеріміздің өнімдері мұнда да бар екен. Алдағы уақытта белгілі бір саланың ғана емес, экономиканың барлық бағыттары бойынша байланыстың мүмкіндігін қарастырсақ деймін. Кострома облысы – орманға бай, өндіріс өте жақсы деңгейде. Бұл сала да сіздерді қызықтырады деп сенемін, – деді Юрий Журин.
Қала басшысы Мұрат Мұқаев ынтымақтастықтан кейін атқарылар жұмыстардың сәтті әрі нәтижелі болуынан үмітті екенін айтып, тәжірибе алмасуға ынталы екенін жеткізді.
– Бұдан әрі де талқыланатын мәселелер жетерлік. Мәселен, солардың бірі – тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласы. Қазір электронды ПИК, сәулет, жер қатынастарын цифрландыру жайымен айналысудамыз. Бүгінде цифрландырудың мәні зор. Сол себепті Елбасы тапсырмасына сәйкес бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Мұнымен бөлісуге әзірміз. Сондай-ақ сіздің тарапыңыздан да атқарылған жұмыстарды үйренуі үшін мамандарымызды жіберетін боламыз. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындарға жайлы жағдай туғызу, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Әрі сіздердің тәжірибелеріңіз де бізге пайдалы болары анық, – деді М.Мұқаев.

Жиын барысында қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Нұрбаев, БҚО ҚХА өкілі Н.Мирзгаоғлы және РФ-ның Орал қаласындағы бас консулы Андрей Кимович әріптестік байланыстың қос тарапқа да тиімді боларына сенім білдірді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу