НҰРЛЫ ЖЕР: БҚО-ДА БИЫЛ 9 КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Биыл Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 9 көппәтерлі тұрғын үй салынады. Бұл туралы бүгін өңірлік комуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте мәлім етілді.

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев мәлім еткендей, мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы қалада салынатын 9 көппәтерлі тұрғын үйде 1126 пәтер болмақ.
– Соның ішінде екі үй жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғанда үшін салынауда. Олар Зашаған кентідегі №48 дақта және Ақсай қаласындағы қарашығанақ шағынауданындағы №38-дақта салынуда. 7 көппәтерлі тұрғын үй «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін. Сонымен бірге ауылдық елдімекендерде 66 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде және 19 үйдің құрылысы басталады. Оның ішінде жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар үшін 42 үй ұсынылмақ. «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін Тоқпай ауылындағы 40 тұрғын үй салынуда, – деді спикер
Оған қоса осы бағдарлама шеңберінде 32 инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу көзделген.
Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысына – 16,1 млрд.теңге, оның ішінде үй құрылысына – 11,4 млрд. теңге, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына – 4,66 млрд. теңге бөлінді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу