8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2019 2465 0
Қоғам

Н.НАЗАРБАЕВ: ӘР БАЛАҒА 21 МЫҢ ТЕҢГЕ ТӨЛЕМАҚЫ БЕКІТІЛСІН

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек туралы айтты. 
 – Көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту керек. Бүгінде елімізде 340 мыңға жуық отбасында 4 баладан артық бала бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға 500 млрд теңгеден артық бөлінеді. Бұл отбасылардың кірісі әртүрлі деңгейде. Оларға көмек көрсетуде табыс деңгейіне қарау керек. Көп кіріс кіретін отбасылар мен айлығы төмен отбасыларға мемлекет бірдей көмек көрсетпей, ең алдымен, мемлекет табысы төмен көпбалалы отбасыларға мән беру керек. Қазіргі уақытта мекенжайлық-әлеуметтік көмекті 111 мың отбасы алып отыр. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төлемақы бекітілсін, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
 Елбасы толық емес, көпбалалы отбасыларға үйде жұмыс істеу жағдайларын жасау керектігін атап өтіп, әкімдерге көмекке мұқтаж отбасыларға қатысты өңірлік бағдарламаларды қайта қарауды тапсырды.
Сондай-ақ Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Олардың басым бөлігі тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілуі тиіс. Осы мақсатқа алдағы 7 жылда қосымша жыл сайын 50 млрд. теңгеден бөлінеді.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
100 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
74 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»