8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2019 1828 0
Өзек

КОМАНДИРІН ӨЛТІРГЕН ҒАРИФТІҢ ЖАЗАСЫ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Өткен жылы күзде өз командирін атып өлтірген Серік Ғарифке жәбірленуші тарап соттан өмір бойы бас бостандығынан шектеу жазасын сұраған болатын. 8-ші сәуірде БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған 13 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда, марқұм Рүстем Рахишовтың туыстары бұл шешімге қанағаттанбай облыстық соттың  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына істі қайта қару туралы өтініш берді.

Серік Ғариф ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Сонымен қатар оған  жәбірленушілердің пайдасына 2,7 млн. теңгеден астам материалдық және 4 млн. теңге моральдық шығын өндіру міндеттелді. Алайда, жәбірленуші тараптың қорғаушысы оқиға қызмет бабындағы келеңсіздік нәтижесінде болғандықтан, қылмыскерге берілген жазамен келіспейтіндерін мәлімдеді.

–  Серік Ғариф өзінің тарапына айтылған сын-ескертпелерді көтере алмай, ашу-ызаға ерік беріп, Рақышовты 7 рет атып өлтіргенін мойындап отыр. Істі тергеу барысында куәгерлердің барлығы да тек екеуінің жұмыс бабында ғана сөзге келетіндерін мәлімдеген. Сол себепті бұл шешімге менің қорғауымдағы жәбірленуші жақ келіспейді, – деді адвокат Айгүл Орынбекова.

Сот залында Рүстем Рақышевтың әкесі Жасқайрат Рақышов бауыр еті баласының қарапайым болғанын және өзіне міндеттелген жүктемені жоғары жауапкершілікпен орындағанын айтып еске алды. Оны өлтірген қанды қол қылмыскерге бұл жаза жеңіл деп есептейді.

– Өйткені өзіміздің ауылда бұған дейін екі ішімдік ішкен адамның арасында кикілжің орнап, біреуі бірін пышықтап өлтірді. Сол адамға сот 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ал менің ұлымды қызмет бабында қасақана өлтірді. Сондықтан сіздердің алдарыңызға келіп, қанішердің жазасын қайта қарауды сұраймын. Менің баламды қыршын кетірген қанкөйге кем дегенде 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраймын,–  деді Жасқайрат Рақышов.

Осы орайда қос тараптың және прокурордың мәлімдемелерін тыңдаған апелияциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қорытындыға келді. Яғни, Серік Ғарифтің жазасы өзгеріссіз қалды. Ал жәбірленуші отбасы бұл шешімге әлі де қанағаттанбайтындарын жеткізді.

 Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»