ҚИМЫЛДЫ ЖЕТІЛДІРЕТІН ҚҰРЫЛҒЫ

«Дара» жеке қайырымдылық қорының қолдауымен Орал қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне тірек-қимыл бұзылыстары бар балаларды емдеуге арналған «Гросс тренажеры» орнатылады.
Тірек-қимыл бұзылыстары бар балалар арнайы түзете-дамытуды қажет етеді. «Гросс тренажер» осы санаттағы балалардың болашақта аяқ басып, жүріп кетулеріне кепіл болатын қажетті құрылғы. Осы аптада құрылғының авторлары әкелі-балалы Юхан, Артур Гросстардың өздері келіп, қаламыздағы педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетіне орнатып, нұсқаушыларға қолданылуын үйретті.
Юхан Гросс алдымен тренажерді спортшылардың жаттығуы үшін дайындаған. Бірақ, оның тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды емдеуге септігі зор болып шығыпты. Сондай-ақ құрылғы 20 жылдан астам уақыттан бері мүгедек балаларды сауықтыруда сәтті қолданылып келеді.
– Әдетте бала оны біреудің көтеріп тұрғызғанын күтеді. Ал бұл тренажер баланың өз еркімен тұруына мүмкіндік береді. 1991 жылы алғаш рет құрылғыны балалар ауруханасында орнаттық. Сол ауруханада жатқан инфекциялық сипаттағы сал ауруына шалдыққан 13 жасар қыздың аяққа тұруына көмектестік. Жаттығу кезінде ол қуанатын. Осы эмоциялық сәт оған үміт сыйлап, кереуетте жата беруге болмайтынын сездірді. Әкесі оны күн сайын жаттығуға әкелді. Бір жыл ішінде ол қыз өз аяғымен ауруханадан шықты. Қазіргі уақытта велосипед теуіп, шаңғымен де сырғанайды, – деді құрылғының авторы.
1994 жылы Юхан Артурович Мәскеу жалпыресейлік дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты жанынан мүгедек балалар спорты мен денешынықтыру зертханасын ашқан. Маманның айтуынша, барлық зерттеулер балаларға вертикальды тұрып, тірек қабілеттерін дамыту, қимылдарын жетілдіру қажеттігін көрсеткен. Яғни, сіңірлердің созылуы горизонтальды жүзеге асырылмайды. Құрылғының артықшылығы да осы – тірек-қимыл аппаратының қызметі ауыр бұзылған аурудың өзін сауықтыру кезінде денені тігінен қоюмен қамтамасыз ете алады. Тренажер моториканы және тірелу қабілетін дамытуға, буындардың қозғалмалылығын және бұлшық еттерінің жұмысын ынталандыруға бағытталған жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді.
«Дара» жеке қайырымдылық қоры еліміздегі алты қаладағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттеріне аталмыш жаттығу құрылғысын алуға жәрдемдескен. Қаламыздағы түзеу кабинетінде сал ауруына шалдыққан және тірек-қимыл жүйесі бұзылған 70-ке тарта бала көмек алады. Орталық мамандары жаңа құрылғының жәрдемі тиіп, балалардың қозғалысымен қатар есту-сөйлеу қабілеті, ақыл-ойы дамиды деген сенімде.
Эльмира АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу