Дариян ауылында бұқаралық спортқа жол ашылды
100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT партиясы осы мәселені назарға алып, бүгінде жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындары үшін ұзақ күткен сәт болды.
Батыс Қазақстан облысының Дариян ауылында бой көтерген ғимарат партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Жаңа нысан 150 адамға арналған және барлық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған: әмбебап ойын алаңы, фитнес, күрес, тренажер, жаттығу залдары, сондай-ақ 150 орындық көрермендер залы бар. Енді ауыл жастары бос уақытын тиімді өткізіп, кәсіби спортқа қадам баса алады.
Бұдан бөлек спорт кешені жергілікті тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, балалар мен жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған. Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер қатысты.
«Бұрын бізде спортпен шұғылданатын арнайы ғимарат болмаған еді. Енді үлкен спорт кешені ашылып, балаларымыздың болашағы үшін алаңдамайтын болдық», – деп бөлісті Дариян ауылының тұрғыны Жақсыбек Көптілеу.
Спорт нысаны тек жастар үшін емес, барлық жастағы ауыл тұрғындарына қолжетімді. «AMANAT» партиясы мен жергілікті әкімдік бірлесіп, ғимараттың құрылыс жұмысы сапалы орындалуына бақылау орнатқан.
«Бұл кешен ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, қоғамда спортқа деген қызығушылықты арттырып, дарынды жастардың кәсіби спортқа қадам басуына жол ашады», – деді партияның облыстық филиалы төрағасы Мұрат Мұқаев.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдан бері жалпы сыйымдылығы 1520 орындық 7 спорт нысаны ашылып, пайдалануға берілді. Бұл өңірде бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай
Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетті
Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
Казахстан вступает в один из наиболее важных этапов политической трансформации — статья Токаева в «The National Interest»
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады – «Жер сағаты» акциясы өтеді
Глава государства вручил звание «Қазақстанның Еңбек Ері» Ерванду Ильинскому 27 марта 2026 года

Кіру



