Бизнес нысандар тексерілді
Шаһарымыздың сәулеттік келбетін ретке келтіру және көріктендіру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында урбанистика орталығының мамандары рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында кәсіпкерлік нысандардың сыртқы безендірілуі мен жарнамалық элементтерінің заң талаптарына сәйкестігіне ерекше мән берілді.
Мамандар тексеру кезінде ғимараттардың маңдайшаларының орналасуы, жарнамалық конструкциялардың реті, сондай-ақ нысандардың айналасының абаттандырылу деңгейін жан-жақты саралады. Бұл бағыттағы талаптардың сақталуы қаланың біртұтас сәулеттік келбетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Рейд қорытындысы бойынша Шолохов көшесі бойынан заңсыз орнатылған баннерлер мен жүйесіз орналастырылған жарнамалық құрылымдар анықталды. Аталған нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін нақты мерзімдер белгіленді.
Сонымен қатар мамандар кәсіпкерлерге ғимараттардың сыртқы эстетикасын жақсарту, жарнамалық маңдайшаларды бір үлгіге келтіру және заманауи дизайн талаптарын енгізу жөнінде ұсыныстар берді. Бұл бастамалар қаланың көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтар үшін тартымды әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Жауапты мамандардың айтуынша, қаланың келбеті – ортақ мәдениеттің көрсеткіші. Сондықтан әрбір кәсіпкер өз нысанының сыртқы көрінісіне жауапкершілікпен қарап, белгіленген талаптарды сақтауы тиіс. Қала аумағындағы заңсыз жарнамаларды анықтау және ретке келтіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Ақбөбек ЖӘРДЕМ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай
Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетті
Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
Казахстан вступает в один из наиболее важных этапов политической трансформации — статья Токаева в «The National Interest»
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады – «Жер сағаты» акциясы өтеді
Глава государства вручил звание «Қазақстанның Еңбек Ері» Ерванду Ильинскому 27 марта 2026 года

Кіру