8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2019 2864 0
Жалын

БАЛАЛАР ҚАЛАЙ ДЕМАЛАДЫ?

Міне, кезекте оқу жылы да аяқталды. Екі күннен соң орта мектептерде соңғы қоңырау үні соғылады. Қазір білім беру бөлімі оқу жылының аяқталуына орай оқушылардың жазғы демалыс маусымын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

 Барлық қала мектептерінде 25 мамыр күнгі соңғы қоңырау салтанатынан кейін «Жазғы демалысты ұйымдастыру және қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізіліп, нұқсқаулық жасалып, жадынамалар үлестіріледі. Жиналыс барысында ата-аналар үш ай ішінде өз балалары қайда демалып, бос уақытын өткізетін орындары анықталады. қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, биыл жазғы демалысты ұйымдастыруға 47 457 мың теңге бөлінген.

Білім беру бөліміне қарасты «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында үш ай бойы 1500  оқушы демалады деп жоспарланған. Оның 600-і әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан болмақ. Демалысты ұйымдастырудағы басым бағыттардың бірі – дарынды оқушыларды 50 пайызы ата-аналары есебінен демалыспен қамту. Осы санаттығы 230 оқушы да «Атамекенде» демалады.  Қазір аталмыш лагерь жұмыс жоспарларын бекітіп, дайындық жұмыстарын пысықтауда. Бүгінде «Үш тілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасы» аясында лингвистикалық бағытта және туристік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізуге жоспар бекітілген. Сонымен қатар «Қауіпсіз маршрут» жобасы аясында жолда жүру ережелері бойынша кабинет жасақталып, бір сағаттық оқытулар өткізілетін болады. Лагерь демалушылары бассейнде базалық жүзу дағыдыларын үйренеді.

Бұдан бөлек қаланың 46 мектебінде тамақтануы ұйымдастырылған  лагерлер ашылып, 5680 бала,  51 мектептегі тамақтану ұйымдастырылмаған лагерде 23 150 бала демалысын өткізеді. Төртінші жыл қала мектептері жанындағы лагерлерде бағдарлы алаңдар жұмыс жасауда. Яғни барлық мектептерде үш тілді оқыту алаңдары, интеллектуалдық, дебаттық мектептер, «Жас ұлан», «Жас қыран» көшбасшылар мектебі, спорттық-туризм алаңдары жоспарлы жұмыс жасайтын болады.

Тоғызыншы жыл қатарынан білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін ұйымдастырып келеді. Демалыстың бұл түрімен 51 мектептен 1700 баланы қамту көзделген. Шатырлы лагерлерде туристтік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізіліп, оқушылар болашақ ғылыми жоба жарыстарына дайындық жүргізеді. 2011 жылдан бері  «Қайсар» патриоттық лагері жұмыс жасауда. 2019 жылы бұл лагерде мектепішілік бақылауда, жергілікті полицияның бақылауында тұрған және өмірін Отан қорғау ісіне арнағысы келген 200 ер бала өз демалысын өткізеді.  №6, 17, 26 мектептерінде 100-де аса баланы қамтыған шатырлы лагерлер жұмыс жасайды.

Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасынан 13 жасар он үш оқушы шілде айында Италияның Чезенатико қаласында демалыстарын өткізеді. №12 мектеп жанындағы үлескеде, Круглоозерный мектебінің ұйымдастыруымен Калентьев шаруа қожалығында 130 баланы қамтыған еңбек және демалыс лагері жұмыс жасайды.

Жазғы демалыстың қауіпсіз ұйымдастырылуы үшін білім беру мекемелерінің жазғы лагерь басшылары және жауапты тұлғалардың қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтан өтуі қадағалауда. Қазір барлық мектпетерде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша слайд материалдары жасақталып, сынып сағаттары өткізілуде. Сонымен қатар лагерлердің басшылары облыстық төтенше жағдайлар департаментінде, судан құтқару станциясында «Атамекен» қала сыртындағы лагері, шатырлы лагерлері мен 33 мектеп жанындағы судағы қауіпсіздік бойынша семинарға қатысып, нұсқаулықтар алады.

Білім беру бөлімі хабарлағандай, Балалардың демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын тиімді пайдалану бойынша көрсеткіш 2015 жылы – 76 пайыз болса, 2016 жылы – 77,5 пайыз, 2017 жылы – 79,7 пайыз,   2018 жылы – 81 пайызға көтерілген. Биыл 1-10 сынып оқушыларынан 82,8 пайызын қамту жоспарлануда.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»