8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2021 1295 0
Қоғам

БҚО-ДА КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР ЖЕҢІЛДЕТІЛМЕЙДІ

Облыста карантиндік шаралар жеңілдетілмейді. Бұл туралы 13 сәуірде  өткен коронавирусқа қарсы облыстық  жедел штаб отырысында өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді.

Ауру егде жастағылар арасында өршіп отыр. Жұқпалы аурулар ауруханасында орын тапшы. Көп жағдайда ауру тасымалдаушылар жастар болуы ықтимал. Өйткені  60-тан асқан тұлғалар көпшілік орындарға барудан бас тартса да, індет сол топтағылар арасында көп. Сондықтан түнде жүріске тоқтау жалғаса береді.

Коронавирусқа шалдыққан науқасты емдеуге  шамамен 500-900 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалады.  Яғни ауру жұқтыру дерегі енді азаймаса өңірдің экономикасы әлсіреуі мүмкін. Сол себепті карантиндік талаптар әзірге жеңілдетілмейді.  Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәліметінше,  осы айдың он үш күнінде коронавирус инфекциясын 1352 адам жұқтырған. Ал мектеп оқушылары арасында  аурудың 115 жағдай тіркелсе, оның 39-ы – офлайн, 76-сы – онлайн режимінде білім алушылар. Осы орайда 18 мектеп 33 сынып екі аптаға, тоғыз балабақшадағы 11 топ карантинге жабылған.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев коронавирустың алдын алуға бағытталған жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
95 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
87 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
89 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»