8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2026 37 0
Қоғам

БҚО-да 43 отбасы баспаналы болды

Наурыз мейрамы қарсаңында Батыс Қазақстан облысында 43 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс иелерін аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

– Өңір халқын баспанамен қамту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. 2023 жылдан бері облыста тұрғын үй құрылысына 63 млрд теңге бөлініп, 3698 пәтер пайдалануға берілді. Кейінгі 3 жылда аудан орталықтарын қоспағанда тек ауылдарда 1733 отбасы баспаналы болды. Жаңа баспана – әр отбасы үшін үлкен қуаныш, жаңа өмірдің бастауы. Бұл үйлер сіздерге тек жайлы мекен емес, берекелі шаңырақ болсын!, – деді облыс әкімі.

Орал қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 27 мыңнан астам азамат тіркелген. Биыл әлеуметтік осал топтарға 200 пәтер, сондай-ақ несиелік негізде 1000 пәтерді беру жоспарланды. Қазіргі уақытта 370 пәтерді қамтитын 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұл пәтерлерді кезекте тұрған азаматтарға беру үшін конкурс рәсімдері жүргізілуде. Бұдан бөлек 248 пәтерді қамтитын тағы 2 көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары бітті.

Айта кетейік, су жаңа пәтерлер Орал қаласына қарасты Ақжайық шағынауданынан берілді. Мұнда кейінгі жылдары көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, тұрғын үй құрылысы қарқын алды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Наурыз
Дәстүр дәріптелген думан
20 Наурыз 2026
96 0
Құттықтаймыз!
Ораза айт құтты болсын!
20 Наурыз 2026
63 0
Құттықтаймыз!
«Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды
19 Наурыз 2026
95 0
Наурыз
Құрметті оқырман!
19 Наурыз 2026
92 0
Мәдениет
Ұлттық киім – ұлт рухының айнасы
18 Наурыз 2026
121 0
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
205 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
148 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
177 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»